Спорт • Кеше

Абзал жүлдеден үмітті

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Олимпия ойындарына ат­танған санаулы қанда­сымыздың арасындағы ең мықтысы – Абзал Әжғалиев. Жанкүйерлер дүбірлі додада жүлде алып жүрген шорт-тректің хас шебері Апеннин түбегінде атой салады деп үміт­теніп отыр.

Абзал жүлдеден үмітті

Елімізде осы спорт түрінің қарыштап дамуына өлшеусіз үлес қосқан атақты бапкер Мәдіғали Қарсыбеков пен Жасұлан Мұхамбетқалиев Орал қаласындағы шорт-трек үйірмесінің табал­ды­рығынан аттаған бозбаланың бойындағы ерекше қа­білетті бірден бай­қады. Қандай сынаққа салса да, жас дарын табандылық пен жанкештіліктің шынайы үлгісін көрсете білді. Жаттығу барысындағы еңбекқорлығы ерен болды.

Айбарлы Абзалдың қор­жынында Олимпия ойындары мен әлем чем­пионатының медалі ғана жоқ. Өзге жарыстарда сан мәрте жеңіс тұғырына көтерілді. Атап айтсақ, қоржынында Азия ойындарының толық жүлде жиынтығы бар. Сондай-ақ Әлем кубогінің жеңім­пазы, Дүниежүзілік универ­сиаданың бірнеше дүркін жүлдегері, еліміздің 12 дүркін чемпионы деген мәртебелі атақтарға қол жеткізген саңлақ. Үш бірдей Олимпиадаға қатысып, соның екеуінің ашылу салтанатында қазақтың көк байрағын ұстап шықты. 2014 жылы Сочиде бесінші орын алса, 2018 жылы Пхёнчханда алтыншы сатыға жайғасты. 2022 жылы Бейжіңде жеңіс тұғырына сынық сүйем ғана жетпей, төр­тінші орын­ға тұ­рақ­тады.

Абзалдың бойында нағыз чемпионға тән қасиеттің бар­лығы бар. Ол – еңбекқор, жаттығу залында шелектеп тер төгуден еш тартынбайды. Жеңіске жету жолында еш аянып қалмайды. Техникасы жетік, шеберлігі шыңдалған, дұрыс тактика құрып, қажет кезінде шұғыл шешім қабылдай алады. Міне, осы қасиеттер А.Әжғалиевті биыл Олимпия ойындарының шыңына жетелеуге тиіс.

Соңғы жаңалықтар

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 10:42

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20

«Е-АӨК» платформасы іске қосылады

Шаруашылық • Бүгін, 08:58