Кеше Үкімет үйінде Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Астанаға жұмыс сапарымен келген Қытай коммунистік партиясының ОК Саяси бюросы Тұрақты комитетінің мүшесі, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Вице-премьері Чжан Гаолимен кездесіп, келіссөз жүргізді.
«Қытай қашанда біздің сыртқы саясатымыздағы ең маңызды басымдықтарымыздың бірі болып келді және бола бермек. Екі ел арасындағы өзара қатынас жаңа деңгейге көтеріліп, жан-жақты стратегиялық сипатқа ие болды. Біздің ортақ жетістігіміздің кепілі жоғары деңгейдегі саяси диалог болды», деп атап өтті Б.Сағынтаев кездесу барысында.
Премьер-Министрдің бірінші орынбасарының айтуынша, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты мен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің «Бір белдеу, бір жол» бастамасы бірін бірі үйлесімді толықтырып, екі елдің өзара тиімді әріптестігіне жаңа перспективалар ашады.
Келіссөздер барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселесін талқылады. Атап айтқанда, өндірістік қуаттарды ҚХР-дан Қазақстанға көшіру, ауқымды көлік жобалары аясындағы іс-қимыл, трансшекаралық су ресурстарын пайдалану, энергетика, ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастық, сондай-ақ, Қытайға дәстүрлі қазақстандық өнімдер экспортын (мыс, феррохром, темір кенді түйіршіктер, болат прокаты және т.б.) ұлғайту мәселелері қаралды.
Қытайдың шығыс және оңтүстік-шығыс провинцияларының жоғары экономикалық және инвестициялық әлеуетін, сондай-ақ, ШҰАР-дің экономикалық маңыздылығы артып келе жатқанын ескере отырып, Қазақстан ҚР мен ҚХР Өңіраралық ынтымақтастық форумын құруды ұсынады.
Б.Сағынтаев пен Ч.Гаоли мәдени-гуманитарлық салада, студенттермен және тағылымдамадан өтушілермен алмасуда екі ел арасындағы ынтымақтастық нығая түскеніне тоқталды. Қазіргі таңда Қытайдың жоғары оқу орындарында 12 мыңға жуық қазақстандық студенттер мен оқушылар білім алуда. 2015-2016 оқу жылына қытайлық тарап қазақстандықтарға арнап 59 грант бөліп отыр. Қазақстан отандық ЖОО-ларда білім алу үшін 83 грант бөлді.

Футболдан ел кубогінің ширек финалына қай клубтар шықты?
Спорт • Бүгін, 17:32
Астанада Тілендиев даңғылының бір бөлігі 9 мамырға дейін жабылады
Елорда • Бүгін, 17:27
Азия кубогі: Қазақстан триатлоншылары төрт медаль еншіледі
Спорт • Бүгін, 17:10
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 16:50
Лондонда үстел теннисінен әлем чемпионаты өтіп жатыр
Спорт • Бүгін, 16:22
Grand Slam: Душанбеде Қазақстан дзюдошысы қола медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 15:52
Трамп Иранға қарсы соғыстың аяқталғанын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 15:29
Қазақстан қажылары үшін Мекке мен Мәдинада жеңілдетілген бағдарлама іске қосылады
Қоғам • Бүгін, 14:59
«Таза Қазақстан»: Келешек мектептерінің оқушылары экоакцияға қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:46
Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Ақтауда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты: 14 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 12:30
Биыл елімізде әскери парад өтпейді
Әскер • Бүгін, 12:12
Таразда мектеп аумағында биіктіктен құлаған оқушы ауыр жарақат алды
Аймақтар • Бүгін, 11:12
Мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?
Оқиға • Бүгін, 10:50