Футбол • Кеше

«Оқжетпес» футбол клубы жекеменшік басқаруға өтті

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысы әкімдігінде өңір әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен «Оқжетпес» футбол клубының қызметіне қатысты жұмыс кеңесі өтті. Ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының өкілдері кәсіби спортты дамытуға бизнестің жүйелі қатысу моделін қалыптастыру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Оқжетпес» футбол клубы жекеменшік басқаруға өтті

Фото: Ақмола облысының әкімдігі

Президенттің кәсіби спортты кезең-кезеңімен коммерцияландыру және клубтардың бюджет қаржыландыруына тәуелділігін азайту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында клубты неғұрлым тұрақты қаржылық модельге көшіру мәселелері қаралды.

Ойыншылары жаңарған «Атырау» командасы «Оқжетпеспен» тең ойнады

Қорытынды бойынша «Оқжетпес» ФК қоғамдық қорын құру жөнінде шешім қабылданды. Қордың құрылтайшысы «Қазақстанның Еңбек Ері» атағының иегері, «Агрофирма «Родина» ЖШС директоры, Ақмола облысының Құрметті азаматы, еліміздің аграрлық секторының беделді өкілдерінің бірі Иван Адамович Сауэр болады. Ол өңірдің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен бірлесіп, ақмолалық футболға жүйелі қолдау көрсетеді.

«Оқжетпес» футбол клубына жаңа бапкер тағайындалды

Осылайша, «Оқжетпес» ФК өңірлік бизнестің қатысуымен жаңа басқару моделіне көшеді, ал облыста кәсіби спортты бюджеттен тыс қаржыландырудың жүйелі тетігі қалыптасады.

Соңғы жаңалықтар