фото: gov.kz
Абай облысының Көкпекті ауылынан 30 шақырым жерде, қар құрсауында қалған жабық жол учаскесінде 6 жүк көлігі мен 2 жеңіл автокөлік тұрып қалған. Жолаушылар жолдың жабылғаны туралы ресми ескерту жарияланғанға дейін сапарға шыққан.
Ал Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданында жүкті әйел мен кішкентай баласы бар отбасы отырған жеңіл көлік қар құрсауынан шыға алмай қалған.
Құтқарушылардың көмегімен барлық зардап шеккендер аман-есен жылыту пункттеріне жеткізілді.
Ski Patrol қызметкерлері қар құрсауында қалып қойған екі адамды аман алып қалды