№67 маршрут – «Ырыскелді Қажы» мешіті – «Пригородный» тұрғын алабы («Орман парк» ТК) арқылы жүреді. Бұқар жырау көшесінің көлік қызметін жақсартып, Қ. Қайсенова көшесінің жаңа учаскесін қоғамдық көлікпен қамтиды.
№74 маршрут – «Altyn Besik» тұрғын үй кешені – «Достар-1» тұрғын үй кешені бағытымен қозғалады. Ш. Айтматов және Ұлы дала көшелерінің жаңа бөліктерін қамтып, Әйтеке би көшесіне қосымша көлік қатынасын қамтамасыз етеді.
Жамбыл облысында автобус пен көлік соқтығысып, жолаушы қаза тапты
№76 маршрут – «Алай» – «Железнодорожный» тұрғын алабын қамтып, А. Пушкин көшесі бойындағы қоғамдық көлік қызметін күшейтіп, «Железнодорожный» тұрғын алабын сауда нысандарымен тікелей байланыстырады.
«Сығанақ көшесі мен Әйтеке би көшесінің қиылысында бағдаршам орнатылып, реттелетін жолайрық ұйымдастырылғанға дейін №74 маршрут уақытша өзгереді. Қ. Мұхамедханов көшесі бағытына қарай қозғалыс Әнет баба көшесі арқылы жүзеге асырылады. Қайтар бағытта бекітілген сызбаға сәйкес Әйтеке би көшесімен қатынайды. Қала тұрғындарынан енгізілген өзгерістерді ескеріп, сапарларын алдын ала жоспарлауды сұраймыз», делінген компания хабарламасында.