Таным • Бүгін, 08:15

Асыл тас хикаясы

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Баяғыда бір патшаның өте бағалы асыл тасы болған екен. Бұл бұйым талайдың түсіне кіріп, ұйқысын қашырыпты. Күндердің күнінде бір ұры асыл тасты қайтсе де ұрламаққа бел буады. Ақыры тасты сарайдан ұрлап шығады.

Асыл тас хикаясы

Сурет: massaget.kz

Алайда есік алдындағы күзетші ұрыны байқап қалып артынан қуа жөнеледі. Қашып құтылмасын білген ол қолындағы тасты көшеде ұйықтап жатқан қайыршының қалтасына сүңгітіп жібереді де, өзі әрі қарай қашады. Қашып бара жатқанда арқасынан оқ тиіп, мерт болады. Ал қалтасында ең бағалы асыл тас бар екенінен хабары жоқ қайыршы таңертең оянады да, баяғы тіленшілік өмірін жалғастыра береді. Егер қолын қалтасына салса, асыл бұйымды байқар еді. Оны сатса, байлыққа кенеліп, өмірі күрт өзгерер еді. Бірақ қайыршы қолын қалтасына салмай, қайыршылық қылады. Уақыт өтіп жатады. Күндердің күнінде қайыршы да өмірден озады. Асыл тас кір басып, шіріген киімінің қалтасында қалады.

Бұдан не түйдік? Біздің тұла бойымызда асыл тас сияқты қымбат қабілет-қарым бар. Алла Тағала адам баласына небір қасиетті тегін тарту еткен. Алайда қиссадағы қайыршы секілді көп адам өзіндегі бағалы тасын, яғни қабілет-қарымын білмей, пайдаланбастан, бойындағы қазынаның кілтін тауып аша алмастан, мүм­кіндігін жетілдіріп, дамытпай жалғаннан өтіп жатыр.

Ендеше, бойыңдағы асылыңды ашуға ұмтыл. Еңбектен! Абайдың: «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтап», деген өсиетін тұт.

«Қазақтың қолынан түк кел­мейді, қазақ еріншек» дегенді доғарып, халықты ояту керек. Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан: «Кім шебер болса, жалықпай, талмай ізденсе, бірігіп тізе қосып, әдіс қылса – ғұмыр бәйгесі сонікі. Қазақты «тып-тыныш жатып, еріншек, еш нәрсе қылмайды» деп ойламаңдар! Олар қайратты, жұмыстың бәріне жарайды. Бірақ оларды қозғау керек!» дегені аса көреген пайым.

Соңғы жаңалықтар

Қайтарылған активтің игілігі

Аймақтар • Бүгін, 08:40

60 отбасының қуанышы

Қоғам • Бүгін, 08:38

Ата заң жобасы сараланды

Саясат • Бүгін, 08:22