Қаржы • Бүгін, 18:03

Жылдық инфляцияның баяулауы баға төмендеуіне әсерін тигізе алды ма?

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жылдық инфляция сәл баяулағанымен, оның тұрақты түрде төмендеуіне қатысты нақты әрі сенімді белгілер байқалмай отыр. 2026 жылғы қаңтар айының қорытындысы бойынша жылдық инфляция мардымсыз ғана төмендеп, әлі де жоғары деңгейде сақталды. Ал базалық және маусымдық факторлардан тазартылған инфляция көрсеткіштерінің динамикасы бұдан да баяу, бұл инфляциялық қысымның әлі де күшті екенін аңғартады. Сонымен қатар соңғы төрт айда айлық инфляцияның үдеуі байқалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жылдық инфляцияның баяулауы баға төмендеуіне әсерін тигізе алды ма?

фото: ашық дереккөз

Қаңтар айында қысқа және ұзақ мерзімді инфляциялық күтулер төмендегенімен, халық арасында инфляцияның әрі қарай өсетініне қатысты алаңдаушылық сақталып отыр. Бұл күтулер қазіргі нақты инфляция деңгейінен де жоғары.

Өңірлерде инфляция баяулағанымен, азық-түлікке жатпайтын тауарлар қымбаттай түсті

Инфляцияға әсер ететін факторлар әрқилы сипатта қалыптасқан.Бір жағынан, ұлттық валютаның нығаюы, фискалдық импульстің төмендеуі және әлемдік азық-түлік инфляциясының бәсеңдеуі оң нышан ретінде көрініс тауып отыр. Екінші жағынан, Ресейдегі инфляцияның жеделдеуі және өткен жылдың соңында ақша массасының күрт өсуі бағаның көтерілуіне түрткі болатын негізгі факторлар болып саналады.

Теңгенің нығаюы ішкі валюта нарығындағы сауда-саттық көлемінің төмендеуімен қатар жүрді. Сонымен қатар Ұлттық банк пен квазимемлекеттік компаниялар тарапынан шетелдік валютаны сатудың салыстырмалы көлемі өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда айтарлықтай қысқарған.
 

Инфляциямен күрес: Үкіметтің негізгі қадамдары қандай?

2025 жыл бойы байқалған алтын-валюта портфелі құрылымының кезең-кезеңімен өзгеру процесі әлі де жалғасып жатыр. Халықаралық резервтердегі алтын үлесінің артуы оның физикалық көлемінің молаюымен де, бағасының өсуімен де байланысты. Бұл үрдіс шетел валютасында сақталған резервтер үлесінің азаюымен қатар жүріп жатыр.
Соңғы жаңалықтар