Фото: polisia.kz
Оқушының анасы Ғалия Тұяққалиева оқу жылының басында қызын жаңа мектепке ауыстырған. Атырау қаласы тұрғынының айтуынша, уақыт өте оқушы мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары арасында түсініспеушілік туындаған. Осы оқиғадан кейін сыныпта Інжумаржан Қуанышқызына қатысты түсініктеме жинала бастаған. Әйел бұл жағдай бойынша e-Otinish порталына шағым жолдағанын да мәлімдеді.
«Қызыма директордың орынбасары тарапынан қысым көрсетілді. Сыныптастарын оған қарсы түсініктеме жазуға мәжбүрлеген. Осыдан кейін құжаттарын алып кетуге итермеледі», дейді Ғалия Тұяққалиева.
Бұған дейін Атыраудағы ерлі-зайыптының өліміні күдіктілердің Индонезияда ұсталғанын хабарлағанбыз.
Сонымен қатар, Атырау облысы ТЖД 32 жастағы Наурыз Мұқанғали мен 35 жастағы Мейрамгүл Қарабалинаны ресми түрде іздеу тоқтатылғанын мәлімдеді.