«Қаза болғандардың отбасыларына – әрқайсына 2 млн теңге, зардап шеккендерге – 1 млн теңгеден төленеді. Әкімдік жерлеу рәсімдерін ұйымдастырудағы барлық мәселелерді өз мойнына алды», деді А. Садықов.
Жарылыс 27 ақпан түнде Щучинсктегі «Палау орталығы» кафесінде, бес қабатты тұрғын үйге жапсарласа орналасқан ғимаратта болды. Оқиға салдарынан 7 адам қаза тапты. Оның алтауы дәмхана қызметкері, бір адам қызметкердің 16 жастағы қызы болып шықты. 28 адам зардап шекті, олардың 13-і әртүрлі дәрежедегі күйіктермен ауруханаға жатқызылды.
Оқиға бойынша жедел штаб құрылып, полиция қылмыстық іс қозғады.
Щучинсктегі жарылыс: Зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды