Ауа райы • Бүгін, 18:57

Еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт нашарлайды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 5 наурызға арналған Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz

Еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт нашарлайды
«Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады: жауын-шашын (жаңбыр, қар), еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында. 
Республика бойынша ортақ табиғи құбылыстарға желдің екпін алуы, жаяу бұрқасынның жүруі, тұман, көктайғақтың, батыста шаңды дауылдың болуы жатқызылады. 
 
Соңғы жаңалықтар