Аймақтар • Бүгін, 20:39

Ақмола облысында газ баллондарын тексеру жұмыстары күшейді

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Щучинск қаласында болған қайғылы оқиғадан кейін Ақмола облысы әкімдігі қоғамдық тамақтану орындарында және халық көп жиналатын жерлерде газ баллондарына тексерісті күшейтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Ақмола облысында газ баллондарын тексеру жұмыстары күшейді

Облыс әкімінің тапсырмасымен өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша бақылау күшейтілді. Газ қауіпсіздігі саласындағы бақылау функциялары аудан және қалалық әкімдіктердің тұрғын үй инспекцияларына жүктелген. Қазіргі уақытта тексерулер мен рейдтер жүргізіліп жатыр.

Мобильді топтар әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін, көппәтерлі және жеке үйлерді, сондай-ақ газ толтыру және автогаз бекеттерін аралап шықты. Сонымен қатар тұрмыстық газ баллондарын утилизациялау пункттерін құру мәселесі қарастырылуда, бұл мүмкін болатын тәуекелдерді азайтуға арналған.

Аймақта ақпараттық жұмыс та жүргізіліп жатыр. 

Еске салайық, 27 ақпанға қараған түні Ақмола облысының Щучинск қаласында тұрғын үй ғимаратында орналасқан дәмханада газ жарылысы болған. Оқиға салдарынан сегіз адам көз жұмды. 

 
Соңғы жаңалықтар