фото: kase.kz
Қатысушылар ішкі нарықтағы «ұзын» ақша көздерін, зейнетақы активтерінің рөлін талқылап, банктердің борыштық бағалы қағаздарды шығаруға неге асықпайтыны жөнінде пікір білдірді. Сондай-ақ спикерлер инвесторлар шеңберін кеңейту және транзакциялық шығынды азайту тұрғысынан цифрлық қаржы құралдарының әлеуетін қарастырды.
Әділ Мұхамеджанов ұзақмерзімді инвестициялар нарығында негізгі рөлді бүгінде зейнетақы қорлары атқаратынын атап өтті. Ұзақмерзімді облигациялар мен өзге де борыштық құралдарды сатып алуға көбірек инвестор тарту үшін олардың қарыз алушыларға сенімі болуы және нарықтың тұрақтылығына арқа сүйей алуы маңызды. Сонымен қатар, оның айтуынша, технологиялар нарық мүмкіндіктерін кеңейтіп, жаңа қатысушыларды тартуға ықпал ете алады.
«Технологиялардың өзі ақшаны автоматты түрде ұзын немесе арзан етпейді, алайда олар жаңа ойыншылар үшін жаңа мүмкіндіктер жасап, нарықты кеңейте алады. Цифрлық қаржы құралдары мен токенизация маңызды үш артықшылық береді: операцияларды автоматтандыру, бөлшек инвесторлар үшін кедергілерді азайту және құралдарды нарыққа жедел шығару», деп атап өтті KASE басшысы.
Оның сөзінше, бүгінгі таңда биржаның міндеті – нарықты бөліктерге бөлмей, классикалық және цифрлық инфрақұрылымды интеграциялау. Барлық құрал бірыңғай кеңістікте қолжетімді болып, инвестор үшін оларға қол жеткізудің қарапайым әрі түсінікті негізі болуға тиіс.
Ораз Жандосов: Либералданбаған нарықтар мен алтынды «айналау» инфляцияны кұшейтіп жібереді