Синоптиктердің мәліметінше, елдің басым бөлігінде қар, боран, тұман, көктайғақ және екпінді жел күтіледі. Кей жерлерде желдің екпіні 23-30 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Сонымен қатар бірқатар облыста ауа температурасы күрт төмендейді.
Астанада 10 наурызда мезгіл-мезгіл қар жауып, боран соғып, тұман түсуі ықтимал. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді.
Ақмола облысында қар мен боран күтіледі. Түнде облыстың батысында, күндіз оңтүстік-шығысында қатты қар жауады. Кей өңірлерде тұман болады. Желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. Сондай-ақ 10 наурызға қараған түні ауа температурасы 15-20 градусқа дейін төмендеп, кей жерлерде 25-30 градус аяз болады. 11 наурызға қараған түні суық одан әрі күшейіп, 30 градусқа дейін аяз күтіледі.
Жетісу облысында батыс, орталық және таулы аудандарда тұман мен көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с, Алакөл көлдері маңында 23-28 м/с-қа дейін күшейеді.
Түркістан облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерлерде көктайғақ, жаяу бұрқасын және тұман болады. Желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетеді.
Алматы облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, кей аудандарда 23-28 м/с, ал күндіз оңтүстік пен шығысында 30 м/с-тен асады. Таулы және оңтүстік өңірлерде қатты жауын-шашын күтіледі. Облыстың бірқатар бөлігінде көктайғақ пен тұман болады.
Павлодар облысында қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, облыстың солтүстігінде қатты қар күтіледі. Желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетеді. Сонымен қатар ауа температурасы күрт төмендеп, түнде 15-20 градус аяз, 11 наурызға қараған түні 25-30 градусқа дейін аяз болады.
Абай облысында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады. Кей аудандарда боран мен тұман күтіледі.
Қостанай облысында түнде және таңертең қар жауып, боран соғады. Кей өңірлерде тұман түседі. Желдің екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді.
Қарағанды облысында қар, жаяу бұрқасын және көктайғақ күтіледі. Күндіз боран соғып, желдің жылдамдығы 23-28 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.
Ұлытау облысында түнде қар мен жаяу бұрқасын болады. Күндіз кей аудандарда қар, боран және көктайғақ күтіледі. Желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетеді.
Атырау облысында солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады. Сондай-ақ 10 наурызға қараған түні ауа температурасы 15-20 градусқа дейін төмендеп, кей жерлерде 23 градус аяз болуы ықтимал.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысы мен орталығында көктайғақ пен тұман күтіледі.
Батыс Қазақстан облысында күндіз қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде қар жауып, жаяу бұрқасын күтіледі. Кей өңірлерде тұман болады. Сонымен қатар ауа температурасы 25-30 градусқа дейін төмендеп, кей аудандарда 33 градус аязға дейін жетуі мүмкін.
Ақтөбе облысында түнде қар мен жаяу бұрқасын болып, кей жерлерде қатты қар жауады. Желдің екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді. Түнде 23-28 градус аяз, солтүстігінде 31 градусқа дейін суық болуы мүмкін.
Қызылорда облысында түнде және таңертең қар, боран және көктайғақ күтіледі. Желдің екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді. Сонымен бірге ауа температурасы күрт төмендеп, түнде кей жерлерде 16-21 градус аяз, ал 11 наурызға қараған түні 23 градусқа дейін аяз болуы мүмкін.
Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Кей аудандарда боран мен тұман күтіледі.
Ал Жамбыл облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанып отыр. Таулы жерлерде жаяу бұрқасын соғып, тұман мен көктайғақ болуы ықтимал.