Бокс • Бүгін, 10:38

Назым Қызайбай әлемдік рейтингте үздік ондыққа енді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан әйелдер боксы құрамасының капитаны Назым Қызайбай әлемдегі ең үздік әйел боксшылардың pound-for-pound (P4P) рейтингі бойынша алғашқы ондыққа енді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Назым Қызайбай әлемдік рейтингте үздік ондыққа енді

Жаңартылған рейтинг бойынша Назым 7-орынға көтеріліп, Қазақстан атынан алғашқы ондыққа кірген жалғыз спортшы атанды.

BoxRec әйелдер арасындағы топ-10 рейтингі:

  1. У Ю (Қытай);

  2. Келли Харрингтон (Ирландия);

  3. Пан Чхоль Ми (ТХДР);

  4. Таммара Тибо (Канада);

  5. Бусе Чакыроглу (Түркия);

  6. Нуне Асатрян (Ресей);

  7. Назым Кызайбай (Қазақстан);

  8. Ифе Мари О’Рурк (Ирландия);

  9. Анастасия Шамонова (Ресей);

  10. Ниту Гангаc (Үндістан).

    Бокс: Futures Cup турниріне қатысатын спортшылар белгілі болды

Айта кетейік, Назымнан басқа әлемнің 50 үздік әуесқой боксшылары арасында тағы төрт қазақстандық спортшы бар:

  • Алуа Балқыбекова – 11 орын;

  • Аида Әбікеева – 20 орын;

  • Виктория Графеева – 22 орын;

  • Наталья Богданова – 35 орын.

Назым Қызайбай – Қазақстан бокс тарихындағы ең титулды спортшылардың бірі. Ол (еркектер мен әйелдер арасында) үш рет әлем чемпионатының алтын медалін жеңіп алған алғашқы спортшы: 2014, 2016 және 2025 жылдар.

Сондай-ақ ол Азия чемпионатының  (2021) және Париждегі 2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының қола медалін иеленген.

Соңғы жаңалықтар