«Қазпошта» басқарма төрағасы Бекежан Жакеев хабарлағандай, компанияның FitchRatings халықаралық несие рейтингі «BBB-» деңгейінде сақталып, тұрақты болжаммен бекітілген. Бұл көрсеткіш компанияның қаржылық тұрақтылығын, сенімділігін және инвестициялық тартымдылығын айқындайды.
«Қазпошта»: Таяу Шығыстағы 7 елге сәлемдемелер жөнелту тоқтатылды
Сонымен қатар, «Қазпошта» соңғы жылдары қызмет көрсету сапасын арттыруға, жаңа технологияларды енгізуге және логистикалық процестерді автоматтандыруға ерекше көңіл бөліп келеді. Бұл өз кезегінде пошталық қызметтердің жылдамдығын, жеткізу дәлдігін және клиенттердің сенімін арттыруға мүмкіндік береді.
Осының нәтижесінде Қазақстанның пошта жүйесі тек ішкі нарықта ғана емес, халықаралық деңгейде де өз орнын нығайтып, дамып келе жатқан елдердің арасында көшбасшылар қатарынан көріне бастады.
«Қазпоштаның» бұрынғы басшысы Президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары болып тағайындалды