Наурызнама • Бүгін, 09:00

Наурызнама нақышы

10 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қыстан қалған қасат қармен қатар көңілдің де тоңы жібіп, жер буса­натын тұста айрықша күтетін ұлық мерекенің басы Көрісу күнінен бас­талады. Амал мерекесін халқымыз ықылым заманнан бері дәстүрге айналдырып, қастерлеп ке­леді. Бүгінгі таңда да аталған күнді асыға кү­тіп, таң атысымен бір-бірімен құшақта­сып көрісуге, амандық сұра­сып, көктемге қуануға асығады.

Наурызнама нақышы

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «ЕQ»

Еске салайық, 2024 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бас­тамасымен «Наурызнама» онкүндігі аясында Наурыз мейрамы жаңа форматта тойлана бас­тады. Сол жылдың нау­рыз айын­да Мәдениет және ақпа­рат министрлігі арнайы қау­лы қабылдап, 14-23 наурыз ара­лығын «Наурызнама» онкүндігі деп жариялады. Онкүндіктің алғашқы күні ретінде 14 нау­рыз – Көрісу күні болып бекітілген еді.

Осыған орай Ұлттық музейде Нау­рыз­нама онкүндігі шеңберінде «Амал мерекесі – ізгілік пен бірліктің белгісі» атты мәдени-танымдық іс-шара өтті.

Мерекелі жиында ұлты­мыздың рухани мұрасында ерекше орын алатын Көрісу күні – Амал мерекесінің тарихи-мәдени маңызы кеңі­нен таныстырылып, ұлттық құндылықтар дәріптелді, қо­ғам­дағы ізгілік пен бірлік ұс­танымдары насихат-талды.

Ұлттық музей директоры Берік Әбдіғалиұлы ұлық мерекенің рухани мән-маңы­зына тоқталып, жиналған қауым­ды құттықтады.

пп

«Санаулы күндерден кейін ке­летін әз Наурызда та­рих қой­науына тағы бір жы­лымыз жол тартып, жаңа күн табалдырықтан аттайды. Көк­тің тынысын тың­дап, жер­дің тамырын басқан, тұр­мыс-тіршілігін табиғат анамен тығыз байланыс-тырған хал­қы­мыз Наурызды жаңару мен жа­сампаздықтың бастауы, ырыc пен берекенің арқауы деп бағалаған. Ал осы ұлық мерекенің бастауы саналатын Амал күні – адамдардың бір-бірімен көрісіп, өткенге салауат айтып, жаңа жылды ақ ниетпен қарсы алатын тағылымы терең дәстүр. Амал – татулық пен бауырмалдықты бекемдеп, ағайын арасын жақындастыратын, ізгілік пен сыйластықты дәріптейтін ерекше күн», деді ол.

Иә, Амал мерекесі – адам­­­дар­­дың бір-бірімен кө­­­рі­­сіп, амандық сұрасу арқы­лы татулықты, бауыр­малдық­ты және өзара құр­метті ны­ғайтатын ежелгі дәстүрлердің бірі. Бұл күн ұрпақтар сабақтас­­тығын жал­ғап, ұлттық біре­гейлікті сақ­тауға қызмет ететін маңызды рухани құндылық ретінде ерек­шеленеді.

Іс-шара танымдық кездесу, дәс­түрлі рәсімдер таныстыры­лымы және интерактивті мә­де­­ни бағдарлама форматында өтті. Бағ­дарлама барысын­да қатысушылар Амал мереке­сінің шығу тарихымен танысып, көрісу дәстүрінің тәр­бие­лік мәнімен танысты. Сон­дай-ақ қазақ халқының бата беру, үлкенге құрмет көрсету, қол алысып көрісу секілді ұлттық салт-дәс­түр­лері сахналық көрі­н­іс­термен ұсы­нылды. Жыр шумақтары да оқылды.

Мәдени жиынға Ұлттық музей қызметкерлері, музей қонақтары мен өнерпаз­дар қатысты. Атап айтсақ, «Бозоқ» мемлекеттік та­ри­хи-мә­дени музей-қорығы, «Ге­раль­­­­дикалық зерттеу­лер орта­­лығы» республикалық мемле­кеттік ме­кемесі мен ЮНЕСКО қамқор­лы­ғындағы Халық­аралық мәде­ниет­­терді жақындастыру орталы­ғы­ның қызметкерлері, Астана қала­сы әкімдігінің жанындағы «Қо­­ғам­­дық келісім» КММ Дос­тық үйі өкілдері, ҚР ҰҚК Шека­ра қыз­­метінің ансамблі, Астана қала­сы әкімдігіне қарасты «Наз» мем­ле­кет­тік би театрының әнші­лері, К.Бай­сейітова атындағы Қазақ ұлт­тық өнер университетінің сту­дент­­тері тәлімді іс-шараның куәсі болды.

Кең көлемде ұйымдас­ты­рылып отырған жиын түркі халықта­рының көрісу әдебін, этностық өнерін, салт-дәстүрін, түркі халық­тарының дәстүрлі киімдерін қалың көрерменге әйгілеп, этномәдени мұрасын жаңғыртуды көздейді.

Соңғы жаңалықтар