Тілшілер сауалына жауап берген байқаушылар референдум барысы қалыпты өтіп жатқанын, дауыс беру учаскелерінде қазірге дейін заңға қайшы әрекеттер орын алмағанын тілге тиек етті.
«Ер Азамат» қоғамдық бірлестігінің өкілі Алина Кан дауыс беру үдерісінің бел ортасында жүрген байқаушылардан сағат сайын ақпарат алып отырғанын, референдумға дайындық кезеңінде байқаушылардың біліктілігін арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі жүргізілгенін атап өтті.
«Біздің байқаушылар референдумдағы әр сәтті жіті қадағалап отыр. Референдум аяқталып, дауыстарды санау кезінде де олар сонда болады. Болашағымыз айқындалатын жауапты кезеңде ел азаматтары шет қалмайды деп сенемін», дейді Алина Кан.
Сондай-ақ қоғам қайраткері Андрей Андреев қоғамның саяси белсенділігі мен азаматтық жауапкершілігі артқанын, референдум барысының ашықтығы барынша сақталып отырғанын мәлімдеді.
Алматыда референдум барысын 1300-ден астам тәуелсіз бақылаушы қадағалап отыр
Айта кетсек, референдум барысындағы тың ақпараттар мен тілкелей эфирді Independ.kz ақпарат агенттігінің YouTube арнасынан, сондай-ақ Қоғамдық коммуникациялар орталығының әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан көруге болады.