– Азаматтардың референдумға белсенді қатысуын арттыру үшін қандай шаралар тиімді деп есептейсіз?
– Өз елімнің тәжірибесі бойынша айтсам, Албаниядағы соңғы референдум 1988 жылы ұйымдастырылған, сондықтан содан бері көп уақыт өтті. Ол кезде Албания саяси және экономикалық дағдарыстан шыққан еді, сондықтан бізге жаңа Конституция жасау қажет болды. Жаңа Конституция қабылданып, халық оны мақұлдады. Сол кезде халықтың дауыс беруге деген қызығушылығы өте жоғары болды. Сол уақыттан бері Конституцияның мазмұнының көп өзгермей сақталуы – оны қолдаған адамдардың көп болғанын көрсетеді. Ал белсенділікті арттыру үшін түсіндіру жұмыстары мен сенімділік маңызды деп ойлаймын.
– Сайлау мәдениетін қалыптастыруда және нығайтуда азаматтық қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі қандай?
– Мен өз тәжірибеме сүйене отырып медиа мен азаматтық қоғамның рөлі өте үлкен екенін айтқым келеді. Олар бұл процеске оң жағынан да, теріс жағынан да әсер ете алады. Біз әрқашан медианың өз міндетіне сай әрекет етуін қалаймыз, яғни халықты ақпараттандыру, процестің ашықтығын арттыру және ең бастысы – шындықты айту.
ТМД бақылаушылар миссиясының басшысы: Қазақстан жастары науқанға белсенді қатысып жатыр
– Сайлау жүйесін дамыту тұрғысынан Қазақстанда қандай оң өзгерістерді байқадыңыз?
– Егер ел туралы айтатын болсақ, алдымен халықтың қонақжайлығына құрмет білдіргім келеді. Біз өте керемет қонақжайлылықты көрдік. Өте мейірімді адамдармен кездестік. Референдум туралы әзірге қағаз жүзінде көріп отырғанымыз – бұл дұрыс бағыттағы алғашқы қадам сияқты. Өйткені болашақта не болатынын немесе референдумның нәтижесі қандай болатынын айту әлі ерте. Менің ойымша, бұл жаңа түзетулер немесе жаңа Конституция Қазақстандағы демократиялық стандарттарды жақсартуға ықпал етуі мүмкін.
ТМҰ өкілі: Дауыс беру халықаралық стандарттарға толықтай сай өтіп жатқанын байқадық
– Референдум процесінде халықаралық бақылаушылардың рөлі қаншалықты маңызды?
– Менің ойымша, бұл өте маңызды. Кейде бізді әлемнің әр елінен келген бақылаушылар бақылап отырса, өзімізді жайсыз сезінуіміз мүмкін. Бірақ бұл – жақсы үрдіс. Өйткені елімізде не болып жатқанын көру үшін үшінші тараптың болуы қажет. Әрине, бұның бәрі бақылаушылардың кім екеніне байланысты. Егер Organization for Security and Co-operation in Europe сияқты ұйымдар туралы айтсақ, олар біздің елдердегі сайлауларды бақылауда кәсіби, беделді және маңызды пікір айта алатын ұйымдар болып саналады.