Аймақтар • Бүгін, 12:40

Түркістанда көкпардан әлем чемпионаты өтіп жатыр

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Түркістан қаласындағы жаңадан салынған атшабарда өтіп жатқан көкпардан әлем чемпионатына 9 елдің командалары қатысып жатыр. Атап айтқанда, Ауғанстан, Қытай, Мажарстан, Моңғолия, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Өзбекстан, Түркия және Қазақстан құрамалары жүлде жолында бақ сынайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістанда көкпардан әлем чемпионаты өтіп жатыр

Доданың ашылу рәсімінде Туризм және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Аманбай Нұрмұханбетов, Бүкіләлемдік Көкпар қауымдастығының президенті Данияр Қобыландин, жарыстың бас төрешісі Жанысбек Саев, сондай-ақ көкпардан Кеңес Одағының 9 дүркін чемпионы, ардагер спортшы Әбілхан Дауылбаев қатысушыларға сәттілік тілеп, құттықтау сөз сөйледі.

Ұлттық спорт түрлері: көкпар мен қыз қуу әлемде қалай насихатталып жатыр

Жаһандық бәсекенің шымылдығын Өзбекстан мен Қытай құрамалары ашты. Тартысты ойында өзбекстандық шабандоздар 10:0 есебімен қарсыласынан басым түсті. Ал Ресей мен Моңғолия кездесуінде 3:0 есебі тіркелсе, Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы ойында отандастарымыз 8:4 есебімен жеңіске жетті. Сондай-ақ, Ауғанстан мен Мажарстан тартысында 14:0 есебімен ауғандықтар басым болды.

р

Жарыс регламентіне сәйкес, топтық кезеңде үздік шыққан командалар 20 наурызда жартылай финалдық кездесулерде мықтыны анықтайды. Ал 21 наурыз күні шешуші ойындар өтіп, чемпион мен жүлдегерлер анықталады. Айтулы жарысты ұйымдастыруға Дүниежүзілік көкпар қауымдастығы, Қазақстан Республикасының көкпар федерациясы, Ұлттық және ат спорты орталығы және Түркістан облысы әкімдігі бірлесіп атсалысып жатыр. Әлем чемпионатының жалпы жүлде қоры – 30 миллион теңге.

Қазақтың көкпары VI Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының ресми бағдарламасына енгізілді

п

Айта кетейік, көкпардан әлем чемпионаты соңғы рет 2017 жылы өткен болатын. Араға тоғыз жыл салып, тарихи дода Түркістан төрінде ұйымдастырылып отыр.

ТҮРКІСТАН

Соңғы жаңалықтар