Фото: gov.kz
Көлік министрлігінің мәліметінше, 22 рейске 3 қосымша пойыз қосылады:
- №201/202 «Алматы-2 – Астана-1»;
- №204/203 «Нұрлы жол – Шымкент»;
- №205/206 «Ақтөбе – Нұрлы жол».
Астанадан Семейге қатынайтын пойыздарға жаңа вагондар қосылады
Сонымен қатар жолаушылар саны көп бағыттар бойынша қолданыстағы пойыздарға қосымша 230 тіркемелі вагон қосылған.
«Қала маңы тасымалдары желісі бойынша Астана – Павлодар, Шу – Тараз, Астана – Атбасар, Астана – Курорт-Бурабай, сондай-ақ Қарағанды – Балқаш бағыттары бойынша 11 қосымша рейс ұйымдастырылды және Қарағанды – Балқаш бағытына 6 тіркемелі вагон қосу қарастырылған», делінген министрлік таратқан хабарламада.
Жалпы Наурыз мейрамы күндері жолаушылар үшін қосымша шамамен 45 мың орын ұсынылады.