Фото Depositphotos.com
2025 жылдың соңында осындай тексеріс Алакөл ауданы аумағында жүргізілген. Мектептер мен балабақшалардан 436 істен шыққан сынап құрамды шам табылған. Бұл жолы тексеріс Ақсу ауданы аумағында жүргізілді.
«Кейбір мектептер мен мемлекеттік балабақшаларда мыңнан астам істен шыққан шам ұзақ уақыт бойы жертөле және қойма бөлмелерінде сақталған. Санитарлық ережелер бойынша мұндай шамдар оқшауланған жерде сақталып, арнайы тәртіппен жойылуы тиіс. Бұл талаптардың сақталмауы балалар мен қызметкерлердің денсаулығына қауіп төндірген», делінген хабарламада.
Прокурорлардың араласуынан кейін қауіпті қалдықтар арнайы орындарға шығарылды.
Атырау облысының ауылында тышқандар көбейіп, мектептер мен балабақшалар жабылды