Оның айтуынша, көптеген азаматтар өз құқықтарын білмейді, соның салдарынан тұрғындардың шамамен жартысы онкологиялық скринингтен өтпейді.
Скринингтен өту үшін 3 күнге дейін арнайы демалыс алуға болатыны туралы норма бар. Алайда бұл тетік толыққанды жұмыс істемей отыр. Көптеген азаматтар бұл құқық туралы да, скринингтен өту уақыты туралы да білмейді. Мұны азаматтардың жартысына жуығының, мысалы, онкологиялық скринингтен өтпейтіні көрсетіп отыр», деп жазды Асхат Аймағамбетов.
Астаналықтар бірнеше медициналық скринингтен тегін өте алады
Осы орайда Мәжіліс депутаты Еңбек кодексіне тиісті түзетулер ұсынғанын мәлімдеді.
«Жұмыс беруші қызметкерлердің скринингтен өтуіне жағдай жасауы тиіс. Кадр қызметі бұл процесті ұйымдастырып, қызметкерлерге көмектесуі қажет. Ал ДСМ скринингтен өтетін азаматтардың тізімін кадрлық ақпараттық жүйелермен біріктіріп, азаматтарға eGov арқылы push-хабарлама немесе SMS жіберуді енгізу қажет», деді депутат.