Қоғам • Кеше

Сарапшы: Елімізде жоғары жылдамдықпен жүретін тасжолдарда жылдамдық режимі біркелкі емес

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Экономист Сәбит Рысбаев еліміздегі жоғары жылдамдықпен жүретін тасжолдарда жылдамдық шектеулерінің біркелкі еместігін айтып, жүргізушілердің кенеттен төмен шектеуге тап болуы қиындық тудыратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Сарапшы: Елімізде жоғары жылдамдықпен жүретін тасжолдарда жылдамдық режимі біркелкі емес

Фото: motor.kz

«Астана-Бурабай, Астана-Павлодар автобандарында 140 км/сағ жылдамдықпен жүресіз. Сол сияқты Шымкент-Түркістан, Ташкент-Самарқант халықаралық автобандарында да қозғалып келе жатсаңыз, кенеттен 60-80 км/сағ шектеулер қойылған. 120 км/сағ жылдамдықпен келе жатып 60-қа төмендету мүмкін емес, айыппұл да үлкен», деді Сәбит Рысбаев «Түскі формат» бағдарламасына берген сұхбатында.

Ал Ішкі істер миннистрлігі Әкімшілік полиция комитетінің ресми өкілі Ақтоты Боранова бұл шектеулердің себептері бар екенін түсіндірді. Оның айтуынша, жылдамдық шектеулері көбіне маусымдық және қауіпсіздік талаптарына байланысты өзгеріп отырады.

Астана – Павлодар тасжолында жылдамдық режимі өзгереді

«Сіз айтып жатқан жолдарда қысқы мезгілге байланысты жылдамдық шектеледі. Жол таңбалары міндетті түрде орнатылады», деді Боранова.

Соңғы жаңалықтар