Мәселе Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары мен Абай облысындағы елді мекендер туралы болып отыр.
«Былтырғыдай «Қазгидрометтің» болжам деректері негізінде Tasqyn ақпараттық жүйелері мен Су ресурстары және ирригация министрлігінің Talsim-NG бағдарламалық жасақтамасы арқылы су тасқыны кезеңіне ықтимал қауіптерді модельдеу жұмыстары жалғасып эатыр. Қазіргі уақытта аталған ақпараттық жүйелер 30 елді мекен үшін ықтимал қауіптерді модельдеді», деп түсіндірді Жүнісбеков ОКҚ-дағы брифинг барысында.
Сондай-ақ комитет төрағасы ТЖМ күш пен құралдар резерві тұрақты дайындықта екенін айтты, бұл 930 адам, әртүрлі мақсаттағы 113 техника, 99 су сорғыш және 35 жүзу құралы.
«Қажет болған жағдайда, алгоритмге сәйкес ТЖМ авиациясы, Ұлттық ұлан, Қорғаныс министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бөлімшелері мен «Қазақстан темір жолы» теміржол көлігін тартылады», деп қорытындылады Серік Жүнісбеков.
Еске салайық, 5 наурызда премьер-министр Олжас Бектенов әкімдерге бір апта ішінде су тасқыны тәуекелдерін зерттеп, қажетті шараларды қабылдауды және жергілікті жерлерге барып тексеруді тапсырған еді.
Қазақстан жолдарында су тасқыны қаупі бар 200-ден астам учаске анықталды