Саясат • Бүгін, 07:45

Алматының экономикалық индикаторы – 9,4 пайыз

0 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады. Қабылдау кезінде Қасым-Жомарт Тоқаевқа қаланың әлеуметтік-эконо­микалық ахуа­лы мен негізгі даму бағыттарының іске асырылуы туралы баяндалды.

Алматының экономикалық индикаторы – 9,4 пайыз

Сурет: almaty.tv

Дархан Сатыбалдының айтуынша, қала экономикасында оң динамика байқалады: өткен жылдың қорытындысында өсім 6,5 пайызды құрады, ал биылғы қаңтар-ақпан айларында қысқамерзімді экономикалық индикатор 9,4 пайызға жетті. Негізгі көрсеткіштер өнеркәсіп, құрылыс, көлік және сауда салалары есебінен құралады.

Шаһардың инвестициялық портфелі 2,8 триллион теңгеден асады. «Алматы» индустриялық аймағы мен «Алатау» арнайы экономикалық аймағына жаңа жобаларды тарту мақсатында кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Алматы еліміздің IT секторында жетекші рөл атқарады. Цифрландыру аясында «Almaty AI Park» қалыптасып, жасанды интеллект негізіндегі бейнемониторинг пен талдау жүйесі дамып келеді.

Туризм мен тау кластерін өркендету жалғасады. Биыл «Шымбұ­лақты» жаңғырту,  ірге­лес шат­қалдарды дамыту ж­ұмысы басталады. Жобаларды іске асыру 2029 жылғы Қысқы Азия ойындарына дайындық шараларымен бірге жүргізіледі. Сонымен қатар қонақүй инфрақұрылымы кеңейтіліп жатыр.

Бас жоспарды түзету аяқ­талуға жақын. Онда қала ішіндегі орталық моделін дамыту және тау бөктеріндегі аумақта құрылысқа шектеу енгізу көзделген.

Қоғамдық көлікті ілгерілету, соның ішінде BRT желісін кеңейту, метро құрылысы және жаңа транспорттық шешімдерді пысықтау негізгі басымдық саналады.

Инженерлік инфрақұрылым және сумен жабдықтау жүйесі жа­ңар­­­­тылып жатыр. Экология­лық күн тәртібіне ерекше назар аударылып, жылу көздерін жаң­ғырту және шығарындыларды азайту шаралары қолға алынды.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы «Almaty AI Park» жоба­сын жеделдету, сондай-ақ LRT және SkyTrain жүйелерін енгізу жұмысын жандандыру бойынша бірқатар тапсырма берді.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дәмі бар балмұздақ

Кәсіпкер • Бүгін, 09:15

Шебер тірілткен құнды мұра

Көрме • Бүгін, 09:05

Жарапазан айтып жарысты

Дәстүр • Бүгін, 09:00

Наурыздың рухын асқақтатқан ән

Наурызнама • Бүгін, 08:55

Парасат пен мейірім

Қоғам • Бүгін, 08:50

Америка асқан «Қыз-Жібек»

Таным • Бүгін, 08:45

Өнегелі Ольга

Қоғам • Бүгін, 08:35

Тау көтерген толағай

Қоғам • Бүгін, 08:30

Ұлт тағамын ұлықтаған

Кәсіпкер • Бүгін, 08:20

Жауапты ғұрып

Пікір • Бүгін, 08:10