Аудит барысында жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының жер заңнамасын өрескел бұзғаны белгілі болды. Атап айтқанда, жер учаскелерін сауда-саттықсыз беру, конкурс тәртібін сақтамау, жерді мақсатты пайдалану талаптарын орындамау және жеке меншікке заңсыз басып алу фактілері тіркелген.
Қала әкімдігі жерді тиімді әрі мақсатқа сай пайдалануға бақылауды дер кезінде жүргізбегені анықталды.
Шымкентте жер иесі мемлекеттен 83 млн теңге өтемақы өндіріп алды
Прокуратураның талабымен Жер ресурстарын басқару департаменті заңсыз пайдаланылған жерлерді мемлекетке қайтару бойынша екі талап-арыз сотқа жолданды.
Сондай-ақ прокурорлық қадағалау актісі негізінде жер қатынастары мәселелеріне жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Қазіргі таңда жер учаскелерін пайдалану және беру саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету жұмыстары қала прокуратурасының тұрақты бақылауына алынды.
Берік Асылов: Олигополия иелігіндегі 800 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды