2026 жылғы 11 қаңтарда амур жолбарыстары Бентли мен Яргидің отбасында үш бірдей күшіктің дүниеге келуі зообақ үшін ерекше жаңалық болды. Алғашқы апталарда олар енесінің жанында болып, күтімде өсті. Көктем түсе күшіктер ашық вольерге шығарылып, жаңа ортаға бейімделе бастады. Қазір олар ана сүтімен қатар, қатты азыққа да қызығушылық танытып, күн санап белсенділігі артып келеді.
Алматы хайуанаттар бағы тұрғындарды шыршаларға екінші өмір сыйлауға шақырды
Көктемгі маусымға байланысты жылуды жақсы көретін жануарлар жазғы ашық алаңдарға көшірілді. Пілдер, керіктер, мүйізтұмсықтар, зебралар, тапирлер мен пеликандар табиғи ортаға жақын кеңістікте еркін қозғалып жүр.
Наурыз мерекесі күндері зообаққа шамамен 40 мың адам келіп, бұл көрсеткіш рекордтық деңгейге жетті. Өткен жылмен салыстырғанда келушілер саны 23 пайыздан астамға өскен.

Зообақ директоры Сейілхан Әкілбековтің айтуынша, мереке күндері келушілер ағыны айтарлықтай артқан. Сондай-ақ үш амур жолбарысы күшігінің дүниеге келуі – мекеме мамандарының еңбегінің нәтижесі әрі маңызды оқиға.
Қазіргі уақытта зообақта инфрақұрылымды жаңарту, жануарларға қолайлы жағдай жасау жұмыстары жалғасып жатыр. Сонымен бірге келушілерге арналған танымдық бағдарламалар да кеңейтілуде.