Фото: gov.kz
Тексеру нәтижесінде жер иесіне учаскені игеру жөнінде нұсқама берілгенімен, ол талап орындалмаған. Осыған байланысты иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, кейін департамент сотқа жүгінген.
Сот қарауының қорытындысы бойынша, Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты департаменттің талабын толық қанағаттандырып, жер телімін мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім шығарды.
Ақтөбе облысында қайтарылған қаражат есебінен салынған әлеуметтік нысан пайдалануға берілді
Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті жер иелері мен жер пайдаланушыларға учаскелерді мақсатты әрі тиімді пайдалану қажеттігін ескертеді. Соныен бірге заң талаптарын сақтап, құқықбұзушылықтарға жол бермеу маңызды екені атап өтілді.