Оқиға • Бүгін, 16:33

Айқын, Айдын, Арсен: Түркістанда үшем дүниеге келді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан қаласында бір отбасының шаңырағын шаттыққа бөлеген ерекше оқиға тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Айқын, Айдын, Арсен: Түркістанда үшем дүниеге келді

41 жастағы ана Марина Әуезханқызы бұл қуанышты сәтті 15 жыл бойы күткен. Бұған дейін отбасында 17 және 15 жастағы екі бала тәрбиеленіп келген.

Араға жылдар салып, отбасы қуанышы еселеніп, жарық дүние есігін ашқан сәбилерге ата-анасы Айқын, Айдын, Арсен есімдерін берген.

Референдум күні Атырауда екі бірдей үшем дүниеге келді

Қуанышты оқиғаға орай перзентханадан шығару салтанатына Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов қатысып, жас ата-ананы құттықтады. Ол қала әкімінің атынан ізгі тілегін жеткізіп, отбасыға амандық пен бақ-береке тіледі.

Атырауда үшем дүниеге келді

Соңғы жаңалықтар