Халқымыздың салт-дәстүрі мен өмір сүру дағдысында әкелік қамқорлық бір ауыз тіркес бар. Бұл шын мәнісінде өте мәнді сөз. Өйткені, әкелік қамқорлыққа
бөленген әулеттер мен отбасылардың жәй-күйі төмен болмайды. Әйтсе де, қолдау мен қамқорлық көрсетудің мұндай түрі отбасылық деңгейден аса алмайды. Ендеше, біз осы тіркесті мемлекеттік қамқорлық ұғымымен алмастыршақ ше?
Талас жоқ. Оның ауқымы өте кең. Мәні мен мағынасы да өте жоғары, әрі тигізер шапағаты да елдік сипат алады. Бұл арада ең басты айтайын дегенім, біздер отандық кәсіпкерлер қауымы еліміз тәуелсіздік алған кезеңдегі соңғы он жылдың ішінде мемлекеттің қамқорлығына бөленіп келеміз. Тіпті, символдық түрде алғанда бізді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі тікелей қанатының астына алды десек артық айтқандық болмайды. Соның арқасында еліміздегі бизнес өкілдері өз өндірістерін құрып, бәсекеге төтеп бере алатындай тауарлар өндіру үшін үлкен мүмкіндіктер алды.
Мемлекеттік органдар тарапынан кәсіпкерлік нысандарды тексеруге шектеулер қойып, бірнеше рет оған мораторийлер жариялануы да бізге жасалған мемлекеттік қамқорлық, Елбасының тікелей қолдауы деп түсінуіміз керек. Бұл жөнінде өзінің Қазақстан халқына арнаған Үндеуінде Н.Ә.Назарбаев отандық өндірушілерге қолдау көрсетіп, бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасадық деген екен. Ашығы да, ақиқаты да осы. Бұған біз – отандық бизнес өкілдері ризашылықпен қол қоя аламыз.
Алмақтың да салмағы бар дегендей ендігі кезекте бізге, яғни ел кәсіпкерлері мен бизнесмендеріне осы қамқорлық пен қолдауға іспен жауап беретін кез келді деп есептеймін. Өйткені, еліміз Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болып кірген жағдайда Мемлекет басшысы атап көрсеткендей бәсеке одан әрі күшейеді. Менің ойымша, бұған төтеп берудің бір ғана жолы бар. Бұл – сапасы жоғары, бағасы икемді қазақстандық тауарлар өндіруге қол жеткізе білу. Шынтуайтына келгенде, бұл – қолдан келетін іс. Тек бәсекеге сай болу үшін бізге ерік-жігер тұтастығы, іргелі ізденістер, биік міндеттер мен жоғары талаптар үдесінен шығуға септігі тиетіндей мақсаткерлік қасиеттер қажет.
Мұның сыртында өндіріс технологиясын ұдайы жетілдіру, бәсекеге төтеп бере алатын тауарлар өндіруге қажетті қондырғылар мен құрал-жабдықтар кешені деген мәселе бар. Республикада Мемлекет басшысының қолдауымен жасалған көптеген бағдарламалар және онда көрсетілген несиелік жеңілдіктер бұл мәселенің шешімі табылып жатқанын көрсетеді.
Отандық өндірісшілердің қамқоршысы Нұрсұлтан Әбішұлы Үндеуінде ДСҰ беретін артықшылықтарды пайдалана білетінімізді дәлелдеу қажет екенін айта келіп, бұл Қазақстанның қолынан келеді деп түйін жасады. Нағыз орнықты да сенімді түйін осындай-ақ болар.
Кеңес Абсатиров,
Батыс Қазақстан облысы
кәсіпкерлер палатасының директоры.
ОРАЛ.

Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:04
Жетісу облысында Сиверс алма ағашы гүлдеді
Аймақтар • Кеше
Астанада «Мұз айдынындағы чемпиондар» шоуы өтті
Елорда • Кеше
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Лондонда үстел теннисінен әлем чемпионаты өтіп жатыр
Спорт • Кеше
«Таза Қазақстан»: Келешек мектептерінің оқушылары экоакцияға қатысты
«Таза Қазақстан» • Кеше
Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті
Аймақтар • Кеше
Биыл елімізде әскери парад өтпейді
Әскер • Кеше