Оқиға • Кеше

Алматы – Ақтөбе бағытындағы пойызда жолаушы қайтыс болды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы – Ақтөбе бағытындағы №033 жолаушылар пойызында 60 жастағы ер адам көз жұмды. Қайғылы оқиға  27 сәуір күні болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы – Ақтөбе бағытындағы пойызда жолаушы қайтыс болды

«Жолаушылар тасымалы» АҚ мәліметінше, жол үстінде жолаушының жағдайы кенеттен нашарлаған. Пойыз бастығы алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырған. Алайда дәрігерлер келген кезде ер адамның қайтыс болғаны анықталды.

Компания өкілдері вагонның техникалық жағдайы талапқа сай болғанын және медициналық қобдиша бар екенін айтты.

Қазақстанда әр пойызға ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған вагон қосылады

Көлік полициясы қылмыстық іс қозғады. Алдын ала мәлімет бойынша, өлімге созылмалы ауру себеп болуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар