Заң • Бүгін, 10:47

Көлік сатамын деп халықты алдаған алаяқ Ресейден экстрадицияланды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бас прокуратура бірнеше мәрте алаяқтық жасаған ел азаматын қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Ресей Федерациясы аумағынан экстрадициялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көлік сатамын деп халықты алдаған алаяқ Ресейден экстрадицияланды

Тергеу мәліметіне сәйкес, күдікті 2023 жылы интернет платформаларда шетелдік автокөліктерді сату туралы әдейі жалған хабарландырулар жариялап, жеті азаматты алдап, олардың қаражатын иемденген.

Қылмыстан кейін ол бой тасалап, халықаралық іздеуге жарияланған. 2025 жылдың шілде айында күдікті Белгород облысы аумағында қолға түсіп, Қазақстанның сұрауы бойынша елге қайтарылды.

230 мың доллар жымқырған бухгалтер Грекиядан экстрадицияланды

Қазіргі таңда ол тергеу изоляторына қамалды. Күдіктіге тағылған айыптар дәлелденсе, оның мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар