АСТАНА. 27 маусым. Астанада футболдан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан Президентінің Кубогы үшін турнирде Испания жастары жеңімпаз атанды. Олар финалда Әзербайжанды ойын соңындағы пенальти арқылы жеңді. Ал Қазақстан құрамасы қола жүлдеге таласта Грузиядан 1:8 есебімен ойсырай жеңілді. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Финалдық бәсеке аса тартысты өтті. Соған қарамастан, қарсыластар бірінші таймда бір-бірінің осал тұсын таба алмады. Ал кездесудің екінші бөлігінде әзербайжан жастары есеп ашып кетті. Алайда, испандар көп уақыт өтпей жатып таразы басын теңестірді. Қос голдың да авторы команда капитандары екенін айта кетейік.
Нәтижесінде турнир жеңімпазы ойын соңындағы пенальти арқылы анықталды. Бұл сында Испания құрамасының бағы басым болып, 4:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша Пиреней түбегінің өкілдері Қазақстан Президентінің Кубогы жарысында чемпиондық атақтарын қорғап қалды. Өткен жылы да осы сайыста Испания топ жарған еді.
Жарыстың қола жүлдесі грузиндерге бұйырды. Үшінші орын үшін болған ойында олардың Қазақстанды ірі есеппен жеңгенін жоғарыда айттық. Ал Тәжікстанды 1:0 есебімен жеңген Ресей-2 командасы 5-орын алса, 7-орынға Беларусь құрамасы табан тіреді. Олар бұл орын үшін өткен матчта Қырғызстаннан 3:1 есебімен басым түсті.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: presidentcup.kz.
• 27 Маусым, 2015
Футбол. Қазақстан Президенті кубогын Испания иемденді

Зейнетақы жинағының шекті деңгейі өзгереді: Енді ақша қалай есептеледі?
Қоғам • Бүгін, 13:48
Былтыр Астанада 14 бала терезеден құлап, көз жұмған
Елорда • Бүгін, 13:15
3,7 миллиард долларлық келісім: Тоқаев Жапония Парламентінің өкілін қабылдады
Президент • Бүгін, 13:03
Жазадан құтыла алмайды: Нұрай Серікбайды өлтірген күдіктінің ақыл-есі дұрыс деп танылды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:52
Жібек жолындағы қанды оқиға: Үш адамды өлтірген күдіктінің жағдайы белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 12:42
Елімізде 1000-нан астам сарбаз грант иегері атанды: Толық тізім жарияланды
Әскер • Бүгін, 12:10
Қазақстанда жол сапасын дрондар бақылайды
Қоғам • Бүгін, 12:06
Атырау облысында ағайындылар арасында атыс болды
Оқиға • Бүгін, 11:40
Сенат резонанс тудырған жануарларға қатысты заңды Мәжіліске қайтарды
Заң • Бүгін, 11:33
Билікті басып алу әрекеті: Қамшыбек Тәшиевке екі бап бойынша айып тағылды
Әлем • Бүгін, 11:27
Қытайда бала бағып, үй жинайтын әмбебап робот пайда болды
Технология • Бүгін, 11:18
Білімге бөлінген қаржы тиімді жұмсалып жатыр ма?
Білім • Бүгін, 11:14