АСТАНА. 27 маусым. Непалда 8 мыңнан астам адамның өмірін жалмаған жойқын зілзаланың басылғанына 2 ай болды. Жер сілкінісінен құрбан болғандарды еске алу шарасына жиналғандар көкке әуе шарларын ұшырды. Бұл туралы 24.kz хабарлады.
Зілзаладан зардап шекендерді еске алу шарасына мыңдаған тұрғын көшеге шығып, әуе шарларын ұшырды. Непал тұрғыны Шилу Адхикэри: «Әр қаза тапқан марқұмға арнап әуе шарын самғаттық. Біз бұл шараны құрбандардың рухын еске алу үшін өткізіп отырмыз. Осы шарларды ұшыру арқылы 8,5 мың марқұмның жаны жай табады деп ойлаймыз», – деді.
Естеріңізде болса, Непалда 25 сәуір мен 12 мамыр аралығында болған жер сілкіністерінен 8832 адам көз жұмып, 22 мыңнан астамы жарақат алған болатын. Ал он мыңдай отбасы үй-күйсіз қалды.
Айта кетейік, бүгінде жергілікті билік өкілдері 4,5 миллиард доллар көлемінде садақа жинады. Енді осы ақшаны таратып беру немесе мақсатты жұмсау үлкен проблемаға айналуда. Себебі Непалда жемқорлық ушығып, шетелдіктерден жиналған қаражатты қара басының қамы үшін пайдалану көбейген. Соған қарамастан жергілікті билік қаржыны жаңа құрылған мемлекеттік орган мен үйлестіру орталықтары арқылы тең бөліп үлестіруге уәде беріп отыр.
Талғат Райымбек.
Дерек, сурет: 24.kz.
• 27 Маусым, 2015
Непал мемлекеті зілзаладан құрбан болғандарды еске алды

Зейнетақы жинағының шекті деңгейі өзгереді: Енді ақша қалай есептеледі?
Қоғам • Бүгін, 13:48
Былтыр Астанада 14 бала терезеден құлап, көз жұмған
Елорда • Бүгін, 13:15
3,7 миллиард долларлық келісім: Тоқаев Жапония Парламентінің өкілін қабылдады
Президент • Бүгін, 13:03
Жазадан құтыла алмайды: Нұрай Серікбайды өлтірген күдіктінің ақыл-есі дұрыс деп танылды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:52
Жібек жолындағы қанды оқиға: Үш адамды өлтірген күдіктінің жағдайы белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 12:42
Елімізде 1000-нан астам сарбаз грант иегері атанды: Толық тізім жарияланды
Әскер • Бүгін, 12:10
Қазақстанда жол сапасын дрондар бақылайды
Қоғам • Бүгін, 12:06
Атырау облысында ағайындылар арасында атыс болды
Оқиға • Бүгін, 11:40
Сенат резонанс тудырған жануарларға қатысты заңды Мәжіліске қайтарды
Заң • Бүгін, 11:33
Билікті басып алу әрекеті: Қамшыбек Тәшиевке екі бап бойынша айып тағылды
Әлем • Бүгін, 11:27
Қытайда бала бағып, үй жинайтын әмбебап робот пайда болды
Технология • Бүгін, 11:18
Білімге бөлінген қаржы тиімді жұмсалып жатыр ма?
Білім • Бүгін, 11:14