Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында «Святло» поляк этномәдени бірлестігі өздерінің құрылғанына 15 жыл толуын атап өтті. Мерекелік салтанаттың шымылдығы этномәдени бірлестіктің жүріп өткен жолы, атқарған қызметтері туралы бейнефильм көрсетуден басталды.
Бірлестіктің 15 жылдық мерейтойына арналған шараны Ақтөбе облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Жолдас Нуршин қысқаша құттықтау сөзімен ашып, өңірде тоқсаннан астам ұлттың өкілдері бір атаның баласындай тату-тәтті өмір сүріп, тұрақтылық пен бірлікте тұрмыс кешіп жатқанын мақтаныш сезіммен жеткізді. Одан кейін шараға қатысушыларға облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Нәзира Табылдинова құттықтау сөз арнады, бірлестік басшыларына Алғысхат табыс етті.
Алматыдан арнайы келген Польша Республикасының елшісі Анжей Папиша және Польша Республикасы елшілігінің бірінші кеңесшісі Радослав Грук өздерінің жүрекжарды жылы сөздерін жеткізіп, жиынға қатысушыларды бүгінгі таңдағы Польша Республикасының ішкі-сыртқы жағдайларынан хабардар етті. Соңынан қашанда қуаныштарға ортақтасуға дайын этномәдени бірлестіктер бірлесіп концерт берді.
Анжей Папиша мен Радослав Грукті облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қабылдады.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Ақтөбе облысы.

Қазақстан мен Израиль президенттері Alem.ai орталығына барды
Президент • Бүгін, 15:03
Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы 4 жылға сотталды
Әлем • Бүгін, 14:51
Шымкентте пластик бұйымдарын шығаратын цехтан өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 14:46
Ел тұрғындарының жылдық шығыны 1,3 млн теңгеге жетті
Қоғам • Бүгін, 14:32
Қазақстанда телефондарды тіркеу ережесі өзгереді
Оқиға • Бүгін, 14:16
Жасанды интеллект шамамен 4 миллион адамды жұмыссыз қалдыруы мүмкін
Жасанды интеллект • Бүгін, 14:03
Домбыраны «харам» деп жариялаған ақтөбелік 7 жылға сотталуы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 13:37
Жантүршігерлік оқиға: Жітіқарада жасөспірім анасын құтқарамын деп қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 13:03
Алматыдағыдан 3 есе қуатты: Бағдат Мусин Қазақстанның жаңа суперкомпьютері туралы айтты
Технология • Бүгін, 12:50
15 жылдан бері алғаш рет: «Болашақ» стипендиясы 10-15 пайызға артуы мүмкін
Оқиға • Бүгін, 12:40
Адамдарға қарай бағытталған: Алматы саябағында отшашу атқандарды полиция іздеп жатыр
Оқиға • Бүгін, 12:29
Қазақстанның байлығын жасанды интеллект іздей бастады
Жасанды интеллект • Бүгін, 12:19
Жедел жәрдем қызметкерлері жылына 8 миллион адамға көмек көрсетеді
Қоғам • Бүгін, 12:13
Секунд ішінде бұғаттайды: Қазақстанда алаяқтардың қоңырауын тоқтататын жүйе енгізіледі
Инновация • Бүгін, 12:05