Қоғам • Бүгін, 12:19

Қазақстанда қауіпті өндірістік орындардағы адам өлімі 2,5 есе азайды

1 мин
оқу үшін

Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Үкімет отырысында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда қауіпті өндірістік орындардағы адам өлімі 2,5 есе азайды

Фото: istockphoto.com

Шыңғыс Әрінов өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету шеңберінде Министрлік өндірістік авариялардың туындау қаупі және соның салдарынан болатын адам өлімін азайту бойынша шаралар қабылдап жатқанын атап өтті.

Енді қауіпті өндіріс орындары мен шахталарды жасанды интеллект бақылайды

Оның айтуынша, өнеркәсіптік қауіпсіздік шаралары нығайтылып, өндірістік бақылауға, кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін аттестаттауға қойылатын бірқатар талаптар күшейтілген, тозған жабдықты уақтылы жаңарту жоспарын келісу міндеті белгіленген.

«Қазір еліміздің қауіпті өндірістік орындардағы адам өлімі 2,5 есе, жарақат алу 25%-ға азайды», деді министр.

Бұған дейін «ҚазМұнайГаз» компаниясында өндірістік жарақат соңғы бес жылда 34%-ға азайғаны туралы хабарлағанбыз.

Соңғы жаңалықтар