Білім • Бүгін, 09:57

Оқуға баулу – өмірге баулу

3 мин
оқу үшін

Біз Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім беру департаментіне «Өзі оқымас – оқытпас» атты («Egemen Qazaqstan» 07.05.2026) мақалаға байланысты хат жолдаған едік. Мақалада қазіргі балабақша тәрбиешілері мен мектеп мұғалімдерінің оқу мәдениеті, балалар әдебиетін, балалар басылымдарын пайдалану деңгейіне қатысты қоғамды алаңдатқан мәселені көтергенбіз. Осыған орай, аталған министрліктен «Қазақ газеттері» серіктестігінің бас ­директоры Д.Қамзабекұлының атына жауап келді.

Оқуға баулу – өмірге баулу

Оқу-ағарту министрлігі Мек­тепке дейінгі білім беру депар­та­менті директорының міндетін ат­қарушы Г.Искакова жауабын­да Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №216 бұй­рығымен «Орта білім беру ұйым­дарына арналған жекелеген пән­дер бойынша оқулықтар мен ба­залық оқулықтардың, мектепке дейін­гі ұйымдарға, орта білім беру ұйым­дарына арнал­ған оқу-әдіс­темелік кешендер­дің (бұдан әрі – ОӘК), оның ішін­де электрондық нысандағы тіз­бе­сін балалардың жас ерекшелік­те­ріне қарай бас­шылыққа алынғаны туралы жа­зылған. Аталған нормативке сәйкес педагогке әдістемелік көмек ретін­де ОӘК, көркем әдебиет бо­йын­ша әдістемелік нұсқаулық, үлес­тірмелі материал, хрестоматия қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар педагогтердің кәсіби құзы­рет­тіліктерін жоғарылату бағы­тын­да әдістемелік сүйе­мел­деу жұмы­сы, семинарлар, тренингтер, республика­лық конкурстар, білік­тілікті арттыру курс­тары, түсін­діру жұмыстары жүр­гізіліп жатыр
екен.

«Оқушылардың қазақ тілі мен әдебиетіне қызығушылығын арттыру, олардың шығармашы­лық қабілеттері мен таным­дық қызығу­шылықтарын анық­тап, дамыту, дарын­ды балаларды қолдау мақ­сатында олимпиадалар мен бай­қаулар өткізіледі. Ы.Алтынсарин атын­дағы Ұлттық білім акаде­мия­­сы PIRLS критерийлері негі­зін­­де мұғалімдерге әдістемелік ұсы­­нымдар әзірлеп жатыр. Мем­ле­кет басшысының тапсырмасы аясында балалардың кітапқа құш­­­тарлығын арттыру және кітап­ха­наларды әдебиеттермен қам­­та­масыз ету мақсатында ­респуб­лика деңгейінде «Балалар кітапханасы» бағдарламасы жүзеге асы­рып келеді. Бағдарлама аясын­да Шым­кенттегі №145 мектепте «Менің сүйікті кітабым» республикалық челленджі өткі­зіл­ген, сондай-ақ балалардың кани­кулдағы бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында арнайы­ көркем әдебиеттер тізімі мен әдіс­те­мелік гайдбуктер әзірленіп, білім беру ұйымдарына жолданды. Ұлт­тық кітап күні қарсаңын­да ұйым­дас­ты­рылған «Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы» онкүндігіне рес­публика бойынша 1,3 млн адам қа­тысып, мәдени-ағартушылық іс-ша­ра­лар өткізілді», делінген хатта.

Жауап хатта жазылғандай, министр­лік білім алушылар­дың оқу сауат­тылығын арттыру ба­ғы­тында жүйелі жұмыс атқа­рылып жатқаны, бұл шаралар білім мазмұнын жаңартуды, оқу­лықтарды сапалы іріктеуді, бағалаудың заманауи тәсілдерін енгізуді қамтитыны айтылған.

Оқыту ісіне жауап жоғары ұйым осылайша балаларды ­газет-журнал, кітап оқуға баулитын нау­қандық іс-шаралар есебін бергендей болған. Ал біздің мақала­да сол балалар мен оқушыларды көркем әдебиет, ба­сылымдар оқуға баулитын тәр­биешілер мен мұғалімдер дағдысы­ның кемшін екені көрсетілен еді. Бұған қатысты жауапты атал­ған хаттан көзіміз шалмады. Газет оқымаған мамандар ұрпақты қалай тәрбиелемек? Деген­мен кері байланысқа бей­жай қарамаған министрлік өкіл­­де­ріне риза­шылығымызды біл­діре­міз. Бұл мәселені газет ұжы­мы алдағы уа­қытта да жіті назар­да ұстайды.

Соңғы жаңалықтар

Берлинде бас қосқандар

Таным • Бүгін, 11:18

Ұшақ қонатын күн алыс емес

Аймақтар • Бүгін, 11:17

Жалғыздықты жеңген мейірім

Аймақтар • Бүгін, 11:14

Елдос татамиге оралады

Спорт • Бүгін, 11:08

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 11:05