Нұрбек АЙЫМБЕТОВ,
«Арал Сервис дайындау орталығы» ЖШС бас директоры.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осыдан біраз бұрын елде әлдеқандай экономикалық қиындық орнай қалса, оны халыққа тура айтатынын мәлімдеген еді. Қазақстан жаңа экономикалық саясатқа көшкенін білеміз. Осыған орай Мемлекет басшысы Үкімет мүшелерімен және еліміздегі ірі кәсіпкерлермен кездесті. Кездесу барысында қазіргі экономикалық жағдайға байланысты қадау-қадау мәселелер айтылды.
Ең алдымен мұндай жағдайға мәжбүрліктен барып отырғанымызды айту керек. Өйткені, әлемдік экономикалық дағдарыс қанша бағынбаймын десең де өз дегенін жасайды. Сондықтан, Қазақстанның алдында үш таңдау тұрды. Бірінші, ештеңе істемей, теңге бағамын ұстап тұру және жағдайдың жақсарғанын күту. Бірақ, мұндай саясаттың өтемі де оңай емес еді. Өйткені, оның соңы өндірісті қысқартып, жұмыс орындарынан айырылуға және алтын-валюта қорын түгесуге әкеп соғатын. Екінші, теңге бағамын біртіндеп әлсірету. Сыртқы нарықтардағы ахуал нашар әрі белгісіз болып тұрғанда мұндай жол да алтын-валюта қорын көп шығындайды. Сондықтан, қолда бар мүмкіндіктердің бәрін есептей келе, мейлінше дұрысы теңгенің еркін айырбас бағамын енгізу және инфляциялық таргеттеуге көшу дұрыс деп танылған.
«Бүгінгі таңда бізде бұдан басқа балама болған жоқ. Біз барлық бағдарламаларымызды басқаша жоспарлағанымызды білесіздер. Алайда, дағдарыс әрқашан өз түзетуін енгізеді. Дегенмен, біз жағдайдың бұлайша өрбуіне де дайындалдық. Индустриялық-инновациялық бағдарлама және өңдеуші өнеркәсіпті кеңейту, Ұлттық қор құру – осының бәрі осындай ахуалға күні бұрын жасалған дайындық», – деді Елбасы.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері бұдан да зор дағдарыстардан аман шыққан. Сол себепті бүгінгі жағдайдан аса бір қорқыныш тумаса керек. Ең бастысы, елдің тыныштығы мен бейбітшілігі. Өйткені, дағдарыс келеді, кетеді. Ал мемлекет – мәңгілік.
Қызылорда облысы.

Футболдан ел кубогінің ширек финалына қай клубтар шықты?
Спорт • Бүгін, 17:32
Астанада Тілендиев даңғылының бір бөлігі 9 мамырға дейін жабылады
Елорда • Бүгін, 17:27
Азия кубогі: Қазақстан триатлоншылары төрт медаль еншіледі
Спорт • Бүгін, 17:10
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 16:50
Лондонда үстел теннисінен әлем чемпионаты өтіп жатыр
Спорт • Бүгін, 16:22
Grand Slam: Душанбеде Қазақстан дзюдошысы қола медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 15:52
Трамп Иранға қарсы соғыстың аяқталғанын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 15:29
Қазақстан қажылары үшін Мекке мен Мәдинада жеңілдетілген бағдарлама іске қосылады
Қоғам • Бүгін, 14:59
«Таза Қазақстан»: Келешек мектептерінің оқушылары экоакцияға қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:46
Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Ақтауда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты: 14 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 12:30
Биыл елімізде әскери парад өтпейді
Әскер • Бүгін, 12:12
Таразда мектеп аумағында биіктіктен құлаған оқушы ауыр жарақат алды
Аймақтар • Бүгін, 11:12
Мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?
Оқиға • Бүгін, 10:50