АСТАНА. 23 тамыз. Кеше велоспорттан Вуэльта көпкүндігі басталды. Испанияда өтіп жатқан сайыстың алғашқы кезеңінде қатысушылар командалық сында шеберлік байқасты. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Додада ел намысын қорғайтын Astana pro team кәсіби велокомандасы бірінші кезеңді 13-орынмен аяқтады. Алайда, бұл нәтиже велоспортшылардың жеке көрсеткіштеріне әсер етпейтіні белгілі. Сондықтан нағыз тартыс бүгін басталады деуге толық негіз бар. Екінші кезеңде атлеттер Алаурин-де-ла-Торре мен Каминито-дель-Рей елдімекендерінің арасын жалғаған 158,7 шақырымдық жарыс жолын жүріп өтеді.
Бірінші кезеңдегі командалық сында қатысушылар 7,4 шақырымға созылған Пуэрто Банусу мен Марбельи арасындағы жолды басып өтті. Нәтижесінде BMC велокомандасы топ жарды (8 минут 10 секунд). Дәл осындай көрсеткішке ие Tinkoff-Saxo және Orica-Green Edge командалары тиісінше екінші, үшінші орындарға жайғасты. Ал 13-орыннан көрінген Astana жеңімпаздан 30 секундқа қалып қойды.
Осы сайыста біздің команданың сапында Винченцо Нибали, Фабио Ару және Микель Ланда сынды мықтылар бар екенін ерекше атап өткен жөн. Сондықтан жалпы есепте топ жаруға толық мүмкіндік бар. Жарыс 13 қыркүйекте аяқталады.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: sport-xl.org.
• 23 Тамыз, 2015
Велоспорт. «Вуэльта» көпкүндігінің 1-кезеңінде Astana 13-орыннан көрінді

Футболдан ел кубогінің ширек финалына қай клубтар шықты?
Спорт • Бүгін, 17:32
Астанада Тілендиев даңғылының бір бөлігі 9 мамырға дейін жабылады
Елорда • Бүгін, 17:27
Азия кубогі: Қазақстан триатлоншылары төрт медаль еншіледі
Спорт • Бүгін, 17:10
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 16:50
Лондонда үстел теннисінен әлем чемпионаты өтіп жатыр
Спорт • Бүгін, 16:22
Grand Slam: Душанбеде Қазақстан дзюдошысы қола медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 15:52
Трамп Иранға қарсы соғыстың аяқталғанын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 15:29
Қазақстан қажылары үшін Мекке мен Мәдинада жеңілдетілген бағдарлама іске қосылады
Қоғам • Бүгін, 14:59
«Таза Қазақстан»: Келешек мектептерінің оқушылары экоакцияға қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:46
Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Ақтауда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты: 14 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 12:30
Биыл елімізде әскери парад өтпейді
Әскер • Бүгін, 12:12
Таразда мектеп аумағында биіктіктен құлаған оқушы ауыр жарақат алды
Аймақтар • Бүгін, 11:12
Мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?
Оқиға • Бүгін, 10:50