АСТАНА. 24 тамыз. Бүгін Астанада дзюдодан әлем чемпионаты басталды. Осы сында 60 кило салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Елдос Сметов әлем чемпионы атанды. Ол финалда тағы бір қазақстандық Рустам Ыбраевтан басым түсті. Нәтижесінде алғашқы жарыс күні Қазақстан қоржынына бір алтын және бір күміс медаль түсті. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Елдос алғашқы үш белдесуінде финн Рейнваллды, саудиялық Еис Махрашиді және Мексика сенім артқан Набор Кастиллоны жеңген болатын. Ширек финалда Сметов өзбек палуаны Диорбек Урозбоевтан басым түсті. Ал жартылай финалда жапон Тори Шишимені сан соқтырды.
Өз кезегінде Рустам бастапқы белдесулерінде Янислав Герчев (Болгария), Ленин Пресиадо (Эквадор), Амиран Папинашвили (Армения) және Ин Хьюк Чойдан (Оңтүстік Корея) айласын асырды. Жартылай финалда ол былтырғы әлем чемпионы моңғол Болдбаатар Ганбатты жеңген еді.
Сонымен қатар, бүгін әйелдер арасында 48 кило салмақ дәрежесіндегі спортшылар сынға түсті. Өкінішке қарай бұл сайыста Қазақстан атынан татамиге көтерілген палуан қыздар Галбадрахын Отгонцэгцэг пен Александра Подрядова жарысты ерте аяқтады. Галбадрахын екінші айналымда корей Бо Куен Жонгтан жеңілсе, Саша Украинадан келген Марина Чернякқа есе жіберді.
Айта кетейік, Астанадағы сайыста 137 мемлекеттен келген 823 атлет бақ сынайды. Олардың 495-і ерлер болса, 328-і әйелдер. «Алау» мұз айдынында өткізілетін чемпионат 30 тамызда аяқталады. Жарыстың трансляциясы 150 мемлекетке тарайды. Елімізде палуандардың белдесулері KazSport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: kaztrk.kz.

Жетісу облысында Сиверс алма ағашы гүлдеді
Аймақтар • Кеше
Астанада «Мұз айдынындағы чемпиондар» шоуы өтті
Елорда • Кеше
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Лондонда үстел теннисінен әлем чемпионаты өтіп жатыр
Спорт • Кеше
«Таза Қазақстан»: Келешек мектептерінің оқушылары экоакцияға қатысты
«Таза Қазақстан» • Кеше
Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті
Аймақтар • Кеше
Биыл елімізде әскери парад өтпейді
Әскер • Кеше