Жуырда еліміздегі барлық дерлік банктердің өкілдері, аймақтық директорлары мен жетекші менеджерлері Алматыдағы Қазақ халық музыкалық аспаптары музейінде бір кешін өткізді. Қаржы саласының майталмандары жақсы оқиғаға ортақтасып қана қоймай, музейдегі көне жәдігерлермен танысты.
Бұл бастамаға «Бәйтерек» холдингіне қарасты, елімізде шағын және орта бизнесті дамыту үшін құрылған «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры ұйытқы болып, «Кепілдендірілген табыс» акциясын қорытындылап, жеңімпаздарды марапаттады.
Осы арада бірден айта кету керек, жеке кәсіпкер боламын деген жандарға, тамаша бизнес жобалардың иелеріне «Даму» қоры тікелей қаражат үлестірмейді. Бұл міндетті әріптес-банктер атқарады да, аталмыш қор оның қызметін бақылайды. Мемлекеттің жаңа кәсіпкерлердің аяғынан тұрып кетуі үшін бөлген жеңілдікті несиенің қайтуын қадағалайды.
Сонымен, «Кепілдендірілген табыс» акциясы өткен жылдың басында жарияланғанын айта кетейік. Бұл байқауға шағын және орта бизнесті несиелеуді кепілдендіруде белсенді жұмыс атқарған қордың әріптес-банктерінің жекелеген менеджерлері және сол қаржылық мекемелердің өздері де қатысуға мүмкіндік алған болатын.
Жеңімпаздарды іріктеудің басты өлшемі кепілдендірілген қаражаттың саны мен сомасы болды. Сонымен ең үздік ондыққа банктердің аймақтық филиалдары кірді. Банктер өткен жылдың өне бойында жалпы көлемі 1,34 миллиард теңге болатын «Даму» қорымен және кәсіпкерлермен 122 кепілдендіру келісімшартын жасаған.
Сол сияқты, салтанатты марапаттау сәтінде шағын және орта бизнес несиелерін субсидиялау бойынша да жеңімпаз банктер анықталды. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында субсидиялау бойынша «Ресей жинақ банкі» АҚ ЕБ үздік деп танылды. Аталмыш бағдарлама шеңберінде субсидиялау бойынша аймақтағы үздік банк «Цеснабанк» АҚ-тың Павлодардағы филиалы жеңімпаз атанды. Ал 2012-2020 жылдарға арналған моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында субсидиялау бойынша үздік банк «Банк ЦентрКредит» АҚ болды.
Ал АТФ Банк «Үздік дебют-2014» жүлдесімен марапатталды. «Қазақстанның Халық банкі» аймақтарды қамту жағынан жеңіп шықса, «Ресей жинақ банкі» АҚ ЕБ «Кепілдендірілген үздік өнім» номинациясы бойынша жеңіске жетті.
«Табыс кепілдендірілген» акциясының негізгі қорытындысын шығарар сәтте кеш те шарықтау шегіне көтерілді. Бұл акцияға жекелеген филиалдар емес, кәсіпкерлерге несие беруде ең көп келісімшарттар жасаған банктердің өздері қатысқан.
Сонымен, бірінші орынды кәсіпкерлермен 105 келісімшарт жасасқан «Банк ЦентрКредит» АҚ басқарушы директоры Асан Боранбаев жеңіп алды. Екінші орынға Халық банкінің шағын және орта бизнеске өнім сату департаментінің директоры Альфия Жексенбай 100 келісімі үшін лайық атанса, үшінші орынды Ресей жинақ банкінің Шағын және орта бизнеспен жұмыс департаментінің былтырғы жылғы директоры Асқар Қалиев 86 несие шартымен алды.
Салтанатты марапатты «Даму» қоры басқармасы төрайымы Ләззат Ибрагимова қорытындылап, қазақстандық кәсіпкерлерге үлкен қолдау көрсеткен әріптес-банктерге алғысын білдірді.
Оқырмандарға түсінікті болу үшін осы арада кәсіпкерлер «Даму» қорының кепілдігін өз бизнестерін дамыту мақсатында алынған несиеге қояр кепілзаты жетіспеген жағдайда ала алатынын айта кету қажет. Мұндай кепілдіктер кәсіпкерлер өз бизнестерін инвестициялауға бағыттаған жағдайда, яғни өндірісін, кәсіпорындарын кеңейту мен жаңғыртуға жаңа несие алу үшін қол жеткізе алады.
Мәселен, өткен жылы «Даму» қоры 543 жобаны мақұлдаған, оның ішінде 445 кепілдендірілген келісімшартқа қол қойылған. Қорыта айтқанда, 2014 жылы «Даму» кепілдемесімен 15,3 миллиард теңге көлемінде несие берілсе, кепілдік сомасы 7,6 миллиард теңгені құрайды.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
АЛМАТЫ.

Футболдан ел кубогінің ширек финалына қай клубтар шықты?
Спорт • Бүгін, 17:32
Астанада Тілендиев даңғылының бір бөлігі 9 мамырға дейін жабылады
Елорда • Бүгін, 17:27
Азия кубогі: Қазақстан триатлоншылары төрт медаль еншіледі
Спорт • Бүгін, 17:10
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 16:50
Лондонда үстел теннисінен әлем чемпионаты өтіп жатыр
Спорт • Бүгін, 16:22
Grand Slam: Душанбеде Қазақстан дзюдошысы қола медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 15:52
Трамп Иранға қарсы соғыстың аяқталғанын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 15:29
Қазақстан қажылары үшін Мекке мен Мәдинада жеңілдетілген бағдарлама іске қосылады
Қоғам • Бүгін, 14:59
«Таза Қазақстан»: Келешек мектептерінің оқушылары экоакцияға қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:46
Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Ақтауда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты: 14 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 12:30
Биыл елімізде әскери парад өтпейді
Әскер • Бүгін, 12:12
Таразда мектеп аумағында биіктіктен құлаған оқушы ауыр жарақат алды
Аймақтар • Бүгін, 11:12
Мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?
Оқиға • Бүгін, 10:50