01 Сәуір, 2015

Бағдарлама жобасы әзірленді

276 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
100-5909-10 сәуірде «Жас Отан» жастар қанатының кезектен тыс III  съезі өтеді.  Бұл туралы кеше «Жас Отан» жас­тар қанатының 2020 жылға дейінгі «Жастар – Отанға!» бағдарламасын әзірлеу бойынша ұйымдастырылған қорытынды жиналыс барысында белгілі болды. Бұл бағдарлама «Жас Отан» жастар қанатының кезектен тыс III съезінде қабылданатын болады. Ол ұйымның әрі қарайғы іс-қимылы үшін идеологиялық бағдар болмақ, сондай-ақ, «Қа­зақстан-2050» Стратегиясын іске асыруда табысқа қол жеткізуге бағытталған. Отырыс барысында «Жас Отан» жастар қанатының атқа­рушы хатшысы Нұрлан Сыдықов сөз алып, аталған бағдарламада 4 негізгі бағытқа айрықша назар аударылғанына, бұл құжаттың негізінде «Нұрлы Жол» бағ­дарламасы мен «Нұр Отан» партиясының Саяси доктринасында көрсетілген  құндылықтар жатқанына тоқталды. «Жаңа бағдарламада әр жас қазақстандық табысының негізі ретінде 4 негізгі бағыт көрініс тапқан. Біз патриотизм, жеке қабілетті дамыту, білім мен еңбекке құш­тар­лық, кәсіби өрлеу мен отба­сылық құндылықтар сияқты басым­дықтарға ерекше назар аудар­дық», деді Н. Сыдықов. Ол, сон­дай-ақ, съезд жұмысына Қазақ­станның аймақтарынан 2 мың­ға тарта азамат қатысатынын, олар «Жас Отан» жастар қана­тының белсенділері, жас­тар ұйымдарының мүшелері, шы­ғар­машыл жастар, жас ғалым­дар, спортшылар, мәслихат депу­таттары, жұмысшылар, ауыл жас­тары екенін атап өтті. ERA_4538+ Бүгінгі күнге дейін аталған бағ­дарлама жобасы еліміз бойын­ша жастардың арасында жан-жақты талқыланған. Мұн­­дай талқылаулар «Еркін пікір» пікірталас клубы отыры­сының шеңберінде өңірлік кон­ференцияларда, «Жас Отан» жастар қанатының 1700 бас­тауыш бөлімінде өткен. Бұл бағ­дарламаны әзірлеу барысында сарапшылар мен республиканың барлық өңіріндегі жастардың ұсыныстары ескерілген екен. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан». Суретті түсірген, Ерлан ОМАРОВ.
Соңғы жаңалықтар