АСТАНА. 19 мамыр. Бүгін Астанада Премьер-Министр Кәрім Мәсімов пен Литва Үкіметінің басшысы Альгирдас Буткевичюстің қатысуымен келіссөздер өтіп, бірқатар құжаттарға қол қойылды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.
Кездесу барысында екі елдің үкіметтері арасында құпия ақпараттарды өзара қорғау туралы келісімге қол қойылды. Сондай-ақ, Қазақстанның Қаржы министрлігі мен Литваның Ішкі істер министрлігі жанындағы қаржылық қылмыстарды тергеу жөніндегі қызметтің арасында қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (заңсыз жолмен табылған ақшаның ізін жасыруға) және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы әрекеттер саласында өзара іс-қимыл туралы келісім бекітілді.
Сонымен қатар, Қазақстанның Ауыл шаруашылық министрлігі ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті мен Литваның мемлекеттік азық-түлік және ветеринария қызметі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Бұдан бөлек, Қазақстанның Ақтау қаласы мен Литваның Клайпеда қаласы арасында достық пен ынтымақтастық жөніндегі ниеттестік хаттамасы бекітілді.
Еламан Қоңыр.
Дерек: «ҚазАқпарат».
Сурет: egemen.kz.
• 19 Мамыр, 2015
Үкімет басшысы Литва премьер-министрімен кездесті

14 мамырда бірқатар өңірлерде ауа райы күрт өзгереді
Ауа райы • Кеше
Депутат: Солтүстік Аралды сақтау жобасын жеделдету қажет
Экология • Кеше
Ағза алмастыруға мұқтаждар саны артқан
Қоғам • Кеше
Шахмат • Кеше
Мемлекет басшысы Түркия Президентін қарсы алды
Президент • Кеше
Қазақстанда инфляция қарқыны баяулады
Инфляция • Кеше
Теңгенің нығаюына қандай факторлар әсер етті?
Қаржы • Кеше
Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
Қазақстан • Кеше
Ясауи іліміндегі рухани еркіндік
Таным • Кеше