АЛМАТЫ. 19 мамыр. Өткен сенбідегі тұтқиылдан қатты соққан жел мен артынан нөсерлетіп тоқтаусыз жауған жаңбыр алматылықтардың есінде. «Қазгидромет» дәл сондай оқиғаның алдағы күндері тағы да қайталанытынын ескертті. Бұл туралы Қаз ТАГ хабарлады.
«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының бөлім бастығы Светлана Аманқұлованың мәліметіне қарағанда, келесі дауыл шамамен 21-22 мамыр күндері қайта көтерілуі мүмкін. «Қалада шаң боран болмасы анық. Себебі, жердегі жауының ылғылы әлі де кепкен жоқ. Бірақ, көшелерде қалдық пен күл-қоқыс көп. Қураған ағаштар да баршылық. Сондықтан қаланың тиісті коммуналдық мекемелері бұл жайтты ескеруі тиіс» деді маман.
Синоптиктер ауа райына қатысты барлық деректерді күн сайын қала әкімдігі мен төтенше жағдайлар комитетіне үзіліссіз жіберіп тұрады.
Сондай-ақ, Светлана Аманқұлова: «Табиғаттың тосын мінез танытуы маусым айының соңына дейін әлденеше рет қайталануы ықтимал, өйткені, дәл осы мезгілде Атлант мұхитынан ауып Каспийдің үстімен өткен ауа толқыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағына жиналады. Осы кездерде атмосфераның қысымы артып, температура төмендейді, жел күшейеді»,– деді.
Айта кетейік, алматылық синоптиктер алдағы болатын тосын құбылыс туралы нақты мәліметті 20 мамыр күні тарататынын да ескертіп отыр.
Талғат Сүйінбай.
Дерек, сурет: ҚазТАГ.

14 мамырда бірқатар өңірлерде ауа райы күрт өзгереді
Ауа райы • Кеше
Депутат: Солтүстік Аралды сақтау жобасын жеделдету қажет
Экология • Кеше
Ағза алмастыруға мұқтаждар саны артқан
Қоғам • Кеше
Шахмат • Кеше
Мемлекет басшысы Түркия Президентін қарсы алды
Президент • Кеше
Қазақстанда инфляция қарқыны баяулады
Инфляция • Кеше
Теңгенің нығаюына қандай факторлар әсер етті?
Қаржы • Кеше
Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
Қазақстан • Кеше
Ясауи іліміндегі рухани еркіндік
Таным • Кеше