АҚТАУ. 19 мамыр. Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында қаруланған үш жігіт букмекерлік кеңсеге шабуылдады. Бұл туралы lada.kz сайтына сілтеме жасап, egemen.kz тілшісі хабарлады.
Қылмыс Жаңаөзен қаласындағы 4-ші шағын ауданында орналасқан Inbet букмекерлік кеңсесінде болған. Оқиға орнына келген шұғыл-зерттеу тобы маска киіп, қаруланған 3 жігіттің кеңсеге басып кіріп, ондағыларды қорқытып, кассадағы барлық ақшаны беруін талап еткендігін анықтады.
Қарақшылар 15 мың теңге көлемінде ақшаны алып кеткен. Олардың біреуі ойын үстелі маңындағы жастарға қарай оқ атқан. Салдарынан жарақаттанған 23 және 24 жастағы екі жігіт Жаңаөзен қалалық ауруханасына жеткізілді. Бүгінде олар травматология бөлімінде ем-дом қабылдауда. Қаңғыған оқ бірінің жамбасына тисе, екіншісінің қолын жарақаттаған.
Қазіргі таңда бұл іске қатысты нақты деректер жоқ. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Гүлайым Шынтемірқызы.
Дерек, сурет: lada.kz.
• 19 Мамыр, 2015
Жаңаөзенде қаруланған 3 жігіт букмекерлік кеңсеге шабуыл жасады

14 мамырда бірқатар өңірлерде ауа райы күрт өзгереді
Ауа райы • Кеше
Депутат: Солтүстік Аралды сақтау жобасын жеделдету қажет
Экология • Кеше
Ағза алмастыруға мұқтаждар саны артқан
Қоғам • Кеше
Шахмат • Кеше
Мемлекет басшысы Түркия Президентін қарсы алды
Президент • Кеше
Қазақстанда инфляция қарқыны баяулады
Инфляция • Кеше
Теңгенің нығаюына қандай факторлар әсер етті?
Қаржы • Кеше
Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
Қазақстан • Кеше
Ясауи іліміндегі рухани еркіндік
Таным • Кеше