Сенбі күні Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ президенті Сауытбек Абдрахмановты қабылдады.
Бауыржан Қыдырғалиұлын Елбасының жаңа сеніміне ие болып, Алматы сынды мегаполиске басшылық ету жауапкершілігі сеніп тапсырылуымен құттықтаған газет басшысы жаңа қызметте табыс тіледі.
Кездесу барысында қала әкімі бүкіл республика бойынша түсетін салықтың үштен бірін жалғыз өзі беріп отырған Алматы қаласының ел өміріндегі орны мен маңызы жайлы айтып, осынау экономикалық зор әлеуетті сатылап көтере беру жөніндегі Елбасы тапсырмасын орындау орайындағы өзінің жоспарларын әңгімеледі.
Елдік талай бастамаларға серпін берген Алматының қай жағынан алсаңыз да мүмкіндіктері мол. Оның үстінде қазіргі ахуал жағдайында Алматының инвестициялық тартымдылығы мен экономикалық тұрақтылығын сақтап қалу өзекті. Бауыржан Байбек газет басшысымен қала инфрақұрылымын жақсарта, жетілдіре түсу жөніндегі, Алматының таяу болашақтағы міндеттері мен жаңа аудандарды дамытудың келешегі жайлы ойларымен бөлісті.
С.Абдрахманов кездесу соңында тәуелсіздіктің талбесігі болған аяулы Алматының тыныс-тіршілігін таныту, жасампаздық жұмыс жемістерін көрсету ел газетінің бетіндегі басым тақырыптардың бірі бола беретінін атап айтты, бас басылымды келер жылы жаздыртып алатын алматылықтардың қатары қазіргіден гөрі қалыңдай түседі деген сенімін білдірді.
АЛМАТЫ.
***
Осы күндері Алматы облысының әкімі Амандық Баталов «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының президенті Сауытбек Абдрахмановпен кездесті.
Халқымыз «Жер жәннаты Жетісу» деп жырға қосатын Алматы облысы – ел өмірінде ерекше орын алатын аймақ. Айдынды Алакөлден Хан Тәңіріндей ұлы шыңы бар Аспантауға дейінгі аралықты алып жатқан ұлан-ғайыр өңірде кейінгі жылдарда өркенді өзгерістер көбірек көрініп келеді. Елбасы саясатын қай тұрғыдан да қызу қолдайтын астаналық облыс жұртшылығы экономикалық-әлеуметтік реформаларды жемісті жүзеге асыруда. Басылым басшысына негізінен аграрлық аймақ болып табылатын өңірдің индустриялық әлеуетін арттыру жолындағы жүйелі жұмыс жайында әңгімелеген облыс әкімі Амандық Баталов инвестициялық тартымдықты күшейту, экономиканың инфрақұрылымын жетілдіру бағытындағы мәселелердің өз кезегімен шешім тауып келе жатқанын айтты. Мысалы, кезінде тоз-тозы шығуға айналған қызылша шаруашылығы қазіргі таңда жаңа технологияларды қолдану, тыңайтқыштарды тиімді пайдалану арқылы бірте-бірте қалпына келіп, көптеген жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік берді. Шипалы суымен танымал Алакөлді туризм орталығына айналдыру жолында көп іс атқарылуда. Қазірдің өзінде оған Алматыдан пойыз тұрақты жүреді, алдағы кезде арнайы әуежай жолағы төселіп, жаз айларында Астанадан, бірқатар облыс орталықтарынан ұшақтар қатынап тұратын болады.
Амандық Ғаббасұлы ел газетінің бетінде Жетісу жеріндегі жақсы жаңалықтар тиісінше көрсетіліп келе жатқанына разылығын білдіріп, бас басылымға келесі жылға жазылушылар саны қазіргі 20 мыңдық деңгейден өспесе төмендемейді деген сенімін жеткізді.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
ТАЛДЫҚОРҒАН.

Футболдан ел кубогінің ширек финалына қай клубтар шықты?
Спорт • Бүгін, 17:32
Астанада Тілендиев даңғылының бір бөлігі 9 мамырға дейін жабылады
Елорда • Бүгін, 17:27
Азия кубогі: Қазақстан триатлоншылары төрт медаль еншіледі
Спорт • Бүгін, 17:10
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 16:50
Лондонда үстел теннисінен әлем чемпионаты өтіп жатыр
Спорт • Бүгін, 16:22
Grand Slam: Душанбеде Қазақстан дзюдошысы қола медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 15:52
Трамп Иранға қарсы соғыстың аяқталғанын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 15:29
Қазақстан қажылары үшін Мекке мен Мәдинада жеңілдетілген бағдарлама іске қосылады
Қоғам • Бүгін, 14:59
«Таза Қазақстан»: Келешек мектептерінің оқушылары экоакцияға қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:46
Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Ақтауда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты: 14 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 12:30
Биыл елімізде әскери парад өтпейді
Әскер • Бүгін, 12:12
Таразда мектеп аумағында биіктіктен құлаған оқушы ауыр жарақат алды
Аймақтар • Бүгін, 11:12
Мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?
Оқиға • Бүгін, 10:50