АСТАНА. 19 мамыр. Ережесіз жекпе-жек шебері, белгілі спортшы Александр Емельяненко күштеп жыныстық әрекетке барғаны үшін айыпты деп танылып, 4,5 жылға сотталды. Сондай-ақ, спортшыға 50 мың рубль көлемінде айыппұл салынды. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.
Екі жақтың пікірталасы кезінде прокурор соттан Емельянеконы 5 жылға бас бостандығынан айырып, 60 мың рубль көлемінде айыппұл салуды сұраған еді.
Бұған дейін спортшыға зорлық жасады, төлқұжат ұрлады және пәтерін тазалап жүрген әйелді есірткі қолдануға үйретті деген айыптар тағылған болатын. Спортшының қорғаушысы Александр Карабанов кейіннен прокурордың есірткіге бейімдеу айыбынан бас тартқаны туралы хабарлады. Алайда, қорғаушы басқа айыптардың дәлелденгенін мойындады.
Қылмыстық іс құжаттарында Александр Емельяненконың өткен жылы 3 наурызда Мәскеудегі пәтерінде үйін тазалайтын әйелді қорлап, сөмкесіндегі төлқұжатын ұрлап алғаны туралы айтылады. Алайда, спортшы байланыстың екіжақты келісіммен болғанын айтты.
Александр Емельяненко – ережесіз жекпе-жек бойынша халықаралық жарыстарда топ жарып жүрген белгілі спортшы. Сондай-ақ, оның даңқты Федор Емельяненконың інісі екені белгілі.
Еламан Қоңыр.
Дерек: РИА «Новости».
Сурет: twitter.com.
• 19 Мамыр, 2015
Белгілі спортшы Александр Емельяненко 4,5 жылға сотталды

14 мамырда бірқатар өңірлерде ауа райы күрт өзгереді
Ауа райы • Кеше
Депутат: Солтүстік Аралды сақтау жобасын жеделдету қажет
Экология • Кеше
Ағза алмастыруға мұқтаждар саны артқан
Қоғам • Кеше
Шахмат • Кеше
Мемлекет басшысы Түркия Президентін қарсы алды
Президент • Кеше
Қазақстанда инфляция қарқыны баяулады
Инфляция • Кеше
Теңгенің нығаюына қандай факторлар әсер етті?
Қаржы • Кеше
Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
Қазақстан • Кеше
Ясауи іліміндегі рухани еркіндік
Таным • Кеше