АСТАНА. 25 тамыз. Папуа-Жаңа Гвинеяда адам етін жеумен айналысты деген күдікпен 54 жергілікті азамат қолға түсті. Бұл туралы National басылымына сілтеме жасаған ТАСС хабарлады.
Күдіктілерді тұтқындау операциясы Дамер және Вайдабодоло елді мекендерінде жүргізілді. Себебі, бұл ауыл ондаған жыл бойы сыртқы әлемнен тыс, жабық саясат ұстанып келген болатын.
Арнайы операцияға 35 әскери және полицей қатысты. Батыс аймағы құқық қорғау органдары өкілдерінің хабарлауынша, Флай өзенінің сағасындағы заңсыздықтар туралы мәліметтер 2009 жылдан бері келіп түсуде.
«Бірінші кезекте шағымдар күнделікті тұрмыста адам етін жеу және құпия діни жоралғының таралуы туралы болды. Келіп түскен деректерге қарағанда, белгісіз наным адамның басын кесіп алуға және үйлерді өртеп жіберуге үгіттейді екен», – дейді полиция басшысы Сильва Сика.
Жалпы, каннибализм Папуа-Жаңа Гвинеяда өзекті мәселелердің бірі. Оған халықтың басым бөлігінің сиқырдың күшіне сенетіні себеп болып отыр.
Еламан Қоңыр.
Дерек: ТАСС.
Сурет: reuters.com.
• 25 Тамыз, 2015
Папуа-Жаңа Гвинеяда адам етін жеді деген күдікпен 54 тұрғын қолға түсті

Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:04
Жетісу облысында Сиверс алма ағашы гүлдеді
Аймақтар • Кеше
Астанада «Мұз айдынындағы чемпиондар» шоуы өтті
Елорда • Кеше
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Лондонда үстел теннисінен әлем чемпионаты өтіп жатыр
Спорт • Кеше
«Таза Қазақстан»: Келешек мектептерінің оқушылары экоакцияға қатысты
«Таза Қазақстан» • Кеше
Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті
Аймақтар • Кеше
Биыл елімізде әскери парад өтпейді
Әскер • Кеше