ӨСКЕМЕН. 25 тамыз. Еліміздің тарихында алғаш рет отандастарымыз АҚШ-та өткен XIV арнайы жазғы Олимпиада ойындарына ат ойындары бойынша қатысты. Мәртебелі жарыста шығысқазақстандық төрт спортшы 8 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 2 алтын, 5 күміс және 1 қола медаль бар. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Былтыр Шығыс өңірінен шыққан тұлпартерапияшылар тобы Мәскеуде өткен жарыстан да жүлделі қайтқан болатын. Олимпиададан да олжалы оралған спортшыларды жерлестері әуежайдан үлкен қошеметпен күтіп алды.
«Сіздер Олимпиада ойындарында мемлекет мәртебесін көтердіңіздер. Алғашқы күні-ақ алтын медаль олжалай отырып, спортшыларымызға дем бердіңіздер. Біз әрдайым жеңімпаздарымызбен мақтанамыз! Сіздерге жаңа шыңдарды бағындыруларыңызға тілектеспіз», – деді Парламент Мәжілісінің депутаты Николай Кузьмин.
Лос-Анджелес қаласында өткен арнайы Олимпиада ойындары екі аптаға созылған болатын. Аталған уақытта жерлестеріміз әлемнің әр түкпірінен келген 125 спортшы-шабандозбен «жүріс», «соқпақ» сынды арнайы бағдарламалар бойынша сайысқа түсті. Жаттықтырушылардың айтуынша, Олимпиада кезінде қазақстандық спортшылар бөгде жылқыларға мінсе де, жануарларды жатсынбай, жеңіске бірге жете білді.
Айта кетейік, Олимпиадаға жер-жаһанның барлық түкпірінен спорттың 15 түрі бойынша 7 мың спортшы қатысса, оның ішінде 72 қазақстандық ел абыройын лайықты қорғады.
Думан Анаш.
Дерек, сурет: egemen.kz.
• 25 Тамыз, 2015
Шығыс Қазақстанның спортшылары Олимпиададан олжалы оралды

Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:04
Жетісу облысында Сиверс алма ағашы гүлдеді
Аймақтар • Кеше
Астанада «Мұз айдынындағы чемпиондар» шоуы өтті
Елорда • Кеше
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Лондонда үстел теннисінен әлем чемпионаты өтіп жатыр
Спорт • Кеше
«Таза Қазақстан»: Келешек мектептерінің оқушылары экоакцияға қатысты
«Таза Қазақстан» • Кеше
Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті
Аймақтар • Кеше
Биыл елімізде әскери парад өтпейді
Әскер • Кеше