ШЫМКЕНТ. 20 мамыр. Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы 24.kz телеарнасына сілтеме жасап, egemen.kz тілшісі хабарлады.
Сапар барысында Үкімет басшысының орынбасары өндіріс орындары мен әлеуметтік мекемелерді аралап, жұртшылықпен кездесті. Облыста әлеуметтік саланы қаржыландыруға бюджеттің 65,1 пайызы жұмсалады.
Өңірдегі денсаулық сақтау саласын дамытуға 5 жылдан астам уақыт бұрын 500 нысан қажет болса, бүгінде соның 310-ы салынды. Биыл тағы 25-інің құрылысы жүруде. Материалдық-техникалық жағдай жақсарған соң, адамдардың өмір сүру жасы да ұзарды. Сондай-ақ, туберкулез бен онкологиялық ауруларға шалдыққандар қатары да күрт азайған.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сейітжамал Пакеев айтуынша, әйелдер өлімі – 2,2, бала өлімі 1,2 пайызға төмендеген.
Аймақта жыл басынан бері 24 мекеме өз жұмысшыларына 109 миллион теңгеден астам жалақы қарыз болған. Соның 98 пайызы төленді.
Сонымен қатар, Бердібек Сапарбаев №1 Шымкент қалалық балалар ауруханасы мен 75 га. аумақты алып жатқан «Қазына» этно-тарихи кешенінде болды. Кешенде Сапарбаев Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған монументалды ескерткішпен танысып, облыстық тарихи-өлкетану мұражайын аралады.
Бақтияр Тайжан.
Дерек, сурет: 24.kz.

Депутат Қазақстанда тыңайтқыш өндірісін ұлғайтуды ұсынды
Шаруашылық • Бүгін, 08:27
14 мамырда бірқатар өңірлерде ауа райы күрт өзгереді
Ауа райы • Кеше
Депутат: Солтүстік Аралды сақтау жобасын жеделдету қажет
Экология • Кеше
Ағза алмастыруға мұқтаждар саны артқан
Қоғам • Кеше
Шахмат • Кеше
Мемлекет басшысы Түркия Президентін қарсы алды
Президент • Кеше
Қазақстанда инфляция қарқыны баяулады
Инфляция • Кеше
Теңгенің нығаюына қандай факторлар әсер етті?
Қаржы • Кеше
Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
Қазақстан • Кеше